Басты бет / Велоспорт / «АСТАНА» КОМАНДАСЫ ДАВИДЕ БАЛЛЕРИНИМЕН КЕЛІСІМГЕ КЕЛДІ

«АСТАНА» КОМАНДАСЫ ДАВИДЕ БАЛЛЕРИНИМЕН КЕЛІСІМГЕ КЕЛДІ

Әлемдік тур деңгейіне жататын «Астана» велоклубы тағы бір шабандозбен толығып отыр. Сонымен 2019 жылдан бастап біздің команданың сапына италиялық шабандоз Давиде Баллерини келіп қосылады. Ол алдағы 2 маусым бойы қазақстандық клубтың намысын қорғамақ.

— Ең алдымен мен «Астана» командасының сапына ауысқаныма дән ризамын. Сонымен қатар Әлемдік тур құрамындағы ұжым сапында өнер көрсету мен үшін зор абырой дер едім. Бұл менің арманым еді. Және ол біртіндеп орындалып келеді. Енді мен осы ұжым ішінде жүріп кәсіпқой спортшы ретінде дамып, шабандоз ретінде де қалыптасып үлгеремін деп ойлаймын. Сонымен қатар, мен жаңа әріптестеріме велосайыстар кезінде көп көмектесемін деп үміттенемін. Сол үшін де бар күшімді салатыныма кәміл сенемін. Менің қазіргі басты мақсатым – командаға жақсы үйлесіп кету әрі ұжымды жеңістерге жетелеу, — деді Давиде Баллерини.

Давиде Баллерини (23 жас) – жас әрі талантты шабандоз. Ол соңғы екі жыл ішінде бірнеше толағай табыстарға жетті. 2017 жылы Баллерини «Тирено Адриатико» жарысының таулы кезеңін жеңген. Одан кейін «Альп Туры» жарысының кезеңінде 3-орын алған. Үстіміздегі жылы ол «Гран-при Индустрия & Артиджианато» жарысында үшінші болып, «Джиро делл’Аппеннино» сайысында 5-болды. Сонымен қатар, «Джиро д’Италия» жарысында да бір кезеңде 5-болып келді. «Сибиу Турында» жәнежақында ғана аяқталған «БургосВуэльтасында» ол 3-орын алды.

Дереккөз: Astanaproteam.kz

Сондай-ақ

АЗИАДА-2018: БАЛУАН ДАНИЯР ҚАЙСАНОВ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ФИНАЛЫНДА КҮРЕСЕДІ

Бүгін Джакартадағы Азия ойындарында еркін күрес шеберлері чемпиондар мен жүлдегерлерді анықтайды деп жазады Olympic.kz. 74 …