Басты бет / Қысқы спорт / Коньки / КУЗИН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА 11-ШІ ОРЫН АЛДЫ

КУЗИН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА 11-ШІ ОРЫН АЛДЫ

Оңтүстік Кореяның Каннын қаласында 2017 жылғы коньки спортынан әлем чемпионаты өтуде.

Жекелей қашықтық бойынша өтіп жатқан доданың бүгін екінші күні. Спортшылар 1000 метрде бақ сынады.

Әйелдер арасында отандасымыз Екатерина Айдова 24 спортшының арасынан 16-шы  болып мәреге келді. Ол жеңіске жеткен Америкалық  Хизер Бергсмадан (1:13.94) +2.74 секунд қалып қойды. Екінші орында Жапониялық Нао Кодайру —  +0.49, үшінші орында Голландиялық  Йорин тер Морс — +0.72.

Ерлер арасында Денис Кузин 11-ші нәтиже көрсетті. Бұл жарыста Голландиялық  Кьелд Нёйс (1:08.26) жеңіске жетті. Екінші орында Канадалық Винсента де Хэйтр. Үшінші орында тағы бір Голландиялық Кай Фербай — +0.52.

Ертең, 12 ақпан әлем чемпионатының соңғы күні. Спортшылар 1500 метр және масс-стартта сынға түседі.

 

Сондай-ақ

ЧЛ-ДЫҢ 2017/18 МАУСЫМЫНДАҒЫ ҮЗДІК ОЙЫНШЫЛАР ҚҰРАМЫНА ҮМІТКЕР ОЙЫНШЫЛАР

УЕФА Чемпиондар лигасының өткен маусымындағы ең үздік қақпашы, қорғаушы, жартылай қорғаушы және шабуылшы атануға үміткер …