Басты бет / Велоспорт / TOUR OF LANGKAWI. ГИДИЧ БІРІНШІ КЕЗЕҢДЕ ҮЗДІК ОНДЫҚҚА КІРДІ

TOUR OF LANGKAWI. ГИДИЧ БІРІНШІ КЕЗЕҢДЕ ҮЗДІК ОНДЫҚҚА КІРДІ

Велоспорттан Малайзияда басталған Tour Of Langkawi көпкүндігінің бірінші кезеңінде «Vino-Astana Motors» шабандозы Евгений Гидич мәреге сегізінші болып келді. 

Алғашқы кезең велоспортшылар үшін жеңіл этап болды десек те артық емес. Кезең бойы спринтшілер жазық жолда ұпай алу үшін барын салып отырды. Олардың арасында қытайлық «Keyi Look Cycling» командасында сынға түсетін Мақсат Аязбаев та болды. Мақсат жарыс бойы пелотоннан ұзап, кішігірім топпен ұпай алу үшін барын салды. Этаптың соңғы кезеңі Куала-Теренггану қаласының орталағында аяқталған. Қаладағы айналмалы жолдардың бірінде велоспортшылар құлап, Мақсатқа біраз кедергі келтірді. Дегемен, қазақстандықтар арасынан «Vino-Astana motors» шабандозы Евгений Гидич мәреге аз ғана метрлер қалғанда лиднрлер қатарына шығып, кезеңді сегізінші болып аяқтады. «Vino-Astana motors» командасында сынға түсетін өзге де спортшылар Дмитрий Лукьянов, Сергей Влассенко, Степан Астафьевтің нәтижесі жеңімпаздың көрсеткішімен бірдей.

Куала Беранг қаласынан басталып Куала Теренггануда аяқталған, жалпы ұзындығы 124,8 км-ді бірінші болып «IsoWhey Sports SwissWellness» командасының шабандозы Скот Сандерланд басып өтті. Мәре сызығын екінші болып «Dimension Data» командасының спортшысы Раян Гиббонс кесті. Үздік үштікті италиялық «Nippo — Vini Fantini» командасының капитаны Николас Марини қорытындылады.

1. SUNDERLAND Scott (IsoWhey Sports SwissWellness team) 2:54:45
2. GIBBONS Ryan (Dimension Data)
3. MARINI Nicolas (Nippo — Vini Fantini)
8. GIDICH Yevgeniy (Vino — Astana Motors) 
27. LUKYANOV Dmitriy (Vino — Astana Motors)  
32. VLASSENKO Sergey (Vino — Astana Motors)  
35. ASTAFYE Stepan (Vino — Astana Motors)  
45. VOROPAYEV Taras (Vino — Astana Motors)  0:27
63. ZHUKENOV Aspan (Vino — Astana Motors)  1:17
80. AYAZBAYEV Maxat (Keyi Look Cycling Team)  


Бірінші кезең аяқталған соң қытайлық команда сапындағы Мақсат Аязбаевпен тілдесіп көрген едік.

Мақсат Аязбаев: Жалпы жарысқа келу мақсатым — азиялық ең үздік велоспортшы атану. Бүгінгі кезеңде пелетоннан ұзап шығып, спринтшілерге берілетін ұпайға таластым. Одан кейін, этаптың соңында спортшылар құлап, маған кедергі болды. Сол кезде ұзақ тұрып қалдым. Соның салдарынан мәреге  екінші топпен қелдім. Ертеңгі екінші этапта біраз демалып, пелетон ортасында боламын. Бар күшімді одан кейінгі кезеңдерге сақтаймын. Жалпы әлі де болса мүмкіндігім бар. Басты жоспарым үздік ондыққа кіріп, азиялық үздік спортшыға берілетін ақ жейдені кигім келеді.

Мақсат Аязбаевтың бүгінгі кезеңде алған ұпайы оны спринтшілер арасында үздік үштікке кіргізді. Спринтшіге берілетін көк жейденің иесі Скот Сандерландта 15 ұпай бар. Ал Раян Гиббонс 12 ұпаймен екінші орында келе жатыр. Мақсат Аязбаевта әзірше 10 ұпай бар. Сондай-ақ, үздік азиялық спортшы номинациясы үшін таласып жүрген тағы бір қазақстандық спортшы Евгений Гидич әзірше екінші орында тұр. Ол бүгін азиялық спортшылар ішінде жапониялық Шики Куроедадан ғана қалып қойған.

Келесі этап 23 ақпан күні Жертих пен Герик қалаларының арасын құрайтын биылғы Малайзия турындағы ең ұзақ кезең (208,1 км) болмақ.

Естеріңізге сала кетейік, биыл 22-рет ұйымдастырылып жатқан Малайзия турына (Tour Of Langkawi) 20 велокоманда қатысып жатыр. Олардың арасында әдеттегідей «Pro Team Astana», «Sky» және «Tinkoff saxo» сынды мықты командалар жоқ. Дегенмен, құрлықаралық жарыс болғандықтан көптеген жас командалар тәжиірбе жинау үшін келген.

Мағжан Бейсен Куала-Теренгганудан (Малайзия)

Сондай-ақ

ЧЛ-ДЫҢ 2017/18 МАУСЫМЫНДАҒЫ ҮЗДІК ОЙЫНШЫЛАР ҚҰРАМЫНА ҮМІТКЕР ОЙЫНШЫЛАР

УЕФА Чемпиондар лигасының өткен маусымындағы ең үздік қақпашы, қорғаушы, жартылай қорғаушы және шабуылшы атануға үміткер …