Басты бет / Қысқы спорт / Коньки / СПРИНТТІК КӨПСАЙЫСТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

СПРИНТТІК КӨПСАЙЫСТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

 

Канаданың  Калгарида қаласында конькимен жүгіру спортындағы спринтерлік көпсайыстан әлем чемпионаты мәресіне жетті. 

Ерлер арасындағы бәсекеде жеңісті голланд конькимен жүгірушісі Кай Фербай еншілесе, екінші орында — норвегиялық Хавард Лорентцен, ал үшінші орын — тағы да бір голландиялық  Кьелд Нёйсқа бұйырды. Бұл сында жерлесіміз Роман Креч оныншы нәтиже көрсетті. Романның 500 метр қашықтыққа жүгірудегі уақыт көрсеткіші Қазақстан рекордын белгіледі.

Әйелдер арасынан суырылып шыққан жапон қызы Нао Кодайра болды, ал күміс медальды  америкалық Хизер Бергсма, қоланы голланд қызы Йоррин тер Морс еншіледі.
Калгаридадағы әлем чемпионатын Алматыдағы қысқы Универсиаданың екі дүркін қола жүлдегері Екатерина Айдова он бірінші орынмен қорытындылады.

Сондай-ақ

ЧЛ-ДЫҢ 2017/18 МАУСЫМЫНДАҒЫ ҮЗДІК ОЙЫНШЫЛАР ҚҰРАМЫНА ҮМІТКЕР ОЙЫНШЫЛАР

УЕФА Чемпиондар лигасының өткен маусымындағы ең үздік қақпашы, қорғаушы, жартылай қорғаушы және шабуылшы атануға үміткер …