Қанат Ислам мен Жанқош Тұраров АҚШ-тағы жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсмінен сәтті өтті.
Флорида штаты, Майамиде өтетін бокс кешіне барлығы дайын.
32 отандасымыз Қанат Ислам (23-0, 19КО) мексикалық Норберто Гонсалеспен (23-8, 13КО) бірінші орта салмақта WBO NABA және WBA Intercontinental титулдарын сарапқа салады.
26 жасар Жанқош Тұраров тағы бір мексикалық Густаво Гарибаймен (13-8-2, 5КО) жекпек-жекке шығады. 8 раундтық кездесу жартылай жеңіл салмақта өтпек. Қос боксшы да 66,6 келі тартты.
Кездесуді ертең, 27 мамыр күні таңғы 6-да «Қазақстан» және «KazSport» арналары тікелей эфирден көрсетеді.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт