Басты бет / Соңғы жаңалықтар (бет 30)

Соңғы жаңалықтар

ОНЫНШЫ АЛТЫН: ДИДАР ХАМЗА ДЗЮДОДАН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

81 келі салмақта сынға түскен дзюдошы Дидар Хамза Азия ойындарының чемпионы атанды. Финалда ол ирандық Саид Моллаидан басым түсіп, Қазақстан құрамасына Азия ойындарындағы оныншы алтын жүлдені тарту етті. Еске сала кетейік, дзюдодан Елдос Жұмақанов пен Галбадрах Отгонцэцэг қола жүлдегер атанған болатын. Дереккөз: Olympic.kz

толық оқу»

АЗИАДА-2018: ПІРМАММАД ӘЛИЕВ БАТУТТА СЕКІРУДЕН ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Қазақстан Азия ойындарындағы 55-ші медалін жеңіп алды. Пірмаммад Әлиев батутта секіруден қола жүлдегер атанды. Әлиев іріктеу кезеңін 103.470 ұпаймен алтыншы орында аяқтаған. «Бұл мен қатысып отырған екінші Азия ойындары. Инчхонда бесінші орыннан көрінгем. Осы аралықта дайындықты үдетіп, медаль алуды басты мақсат еттік. Еңбегіміздің зая кетпегені қуантады. Бүгін үздіктер қатарына ендім», …

толық оқу»

ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫ 2018/2019 МАУСЫМЫНЫҢ ТОПТЫҚ КЕЗЕҢІНЕ ҚАТЫСАТЫН КОМАНДАЛАР АНЫҚТАЛДЫ

Биылғы маусымда Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне қатысатын барлық командалар белгілі болды. Бірінші кәрзеңке: «Реал» (Испания), «Атлетико» (Испания), «Бавария» (Германия), «Барселона» (Испания), «Ювентус» (Италия), «ПСЖ» (Франция), «Манчестер Сити» (Англия), «Локомотив» (Ресей). Екінші кәрзеңке: «Боруссия» Дортмунд (Германия), «Порту» (Португалия), «Манчестер Юнайтед» (Англия), «Шахтер» (Украина), «Наполи» (Италия), «Тоттенхэм» (Англия), «Рома» (Италия), «Бенфика» (Португалия). …

толық оқу»

АЗИАДА-2018: АҒАЙЫНДЫ ЕМЕЛЬЯНОВТАР КАНОЭДЕН КҮМІС ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ

Бүгін Палембангта Қазақстан қоржынына үшінші медаль түсті. 1000 метрге жарысқан каноэшілер сынында қазақстандықтар күміс медаль иегері атанды. Каноэші Сергей және Тимофей Емельяновтар күміс жүлде жеңіп алды. Алтын медаль Қытай, қола Өзбекстан командасының еншісінде. Дереккөз: Olympic.kz

толық оқу»

«АСТАНА» — «АПОЭЛ» ЕУРОПА ЛИГАСЫНЫҢ ПЛЕЙ-ОФФ КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚАРЫМТА ОЙЫНЫ ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ

Бүгін, УЕФА Еуропа Лигасы плей-офф кезеңі аясында, «Астана» кипрлік «АПОЭЛ»-ге қарсы қарымта ойын өткізеді. «Астана Арена» стадионында өтетін ойынды «QazSport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді, басталуы Астана уақыты бойынша сағат 19:50-де. Естеріңізде болса, бірінші ойында «Астана» кипрлік «АПОЭЛ»-ге 1:0 есебімен есе жіберген болатын. Сурет: «Астана» клубының ресми сайтынан

толық оқу»

АЗИАДА-2018: ГОЛЕНДОВ ПЕН ЕРГУЧЕВ АЗИАДАНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

Байдарка мен каноэде ескек есуден Палембангта өтіп жатқан финалдық кезеңде Қазақстан қоржынына тағы бір жүлде түсті. 1000 метрге екі адам болып жарысуда Илья Голендов пен Андрей Ергучев күміс жүлдегер атанды. Қазақстандық спортшылардың алдын қытайлықтар орап кетті. И. Голендов пен А. Ергучев жұбының көрсеткіші — 3.23.815. Ал алтын жүлде алған Қытай …

толық оқу»

КАНОЕ МЕН БАЙДАРКАДА ЕСКЕК ЕСУШІЛЕР АЗИАДА ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Бүгін Палембангта каное мен байдаркада ескек есуден финалдық кезең басталды. 500 метрге төрт адам болып жарысудан Қазақстан командасы мәре сызығын бірінші болып кесті. Бұл сында ел намысын Илья Голендов, Алексей Дергунов, Сергей Токарницкий және Евгений Алексеев қорғаған болатын. Қазақстандықтардың уақыт көрсеткіші — 1.24.203. Күміс жүлде Оңтүстік Корея (1.25.313), қола жүлде …

толық оқу»

АЗИАДА-2018: НАДЕЖДА ДУБОВИЦКАЯ БИІКТІККЕ СЕКІРУДЕН ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Биіктікке секіруден Қазақстан командасының мүшесі Надежда Дубовицкая Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Ол биіктікке секіру сайысында үздік үштікке енді. Дубовицкая өзінің жеңіске деген жігерінің арқасында қола жүлдеге қол жеткізгенін айту керек. Алтын және күміс жүлдегер атанған өзбекстандық атлеттерден басқасы 1.84 метрді бағындыра алған жоқ. Ал бірінші және екінші мүмкіндігінде мүлт …

толық оқу»

ЧИНШАНЛО ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Зульфия Чиншанло Талдықорғанда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында бірінші орын алып, өз бабында екенін дәлелдеді. Допинг дауына байланысты спорттан шеттетілген Чиншанло, жаза мерзімі аяқталып, спортқа қайтып оралды. 55 келіге дейінгі салмақта жарысқа қатысқан Зульфия, жұлқа көтеру жаттығуында 87 келіні көтерсе, ал серпе көтеру жаттығуында 115 келіні көтерді. Нәтижесінде 202 келі көрсеткішпен …

толық оқу»

АЗИАДА-2018: ӘБІЛХАН АМАНҚҰЛ ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛҒА ШЫҚТЫ

Бокстан 75 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын Әбілхан Аманқұл Азия ойындарының жартылай финалына өтті. Ширек финалдық бәсекеде Әбілхан тайпейлік боксшымен кездесіп, қарсыласын екі рет есеңгіретті. Жекпе-жек нәтижесі бойынша айқын басымдықпен жеңіске жеткен Әбілхан енді Азия ойындарының жартылай финалында жұдырықтасады. Әбілханның келесі қарсыласы — үндістандық Викас Кришан. Өкінішке қарай, 51 келіде ел …

толық оқу»