Басты бет / Басқа түрлер / Азия спорты / АЗИАДА-2018: ГОЛЕНДОВ ПЕН ЕРГУЧЕВ АЗИАДАНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

АЗИАДА-2018: ГОЛЕНДОВ ПЕН ЕРГУЧЕВ АЗИАДАНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

Байдарка мен каноэде ескек есуден Палембангта өтіп жатқан финалдық кезеңде Қазақстан қоржынына тағы бір жүлде түсті.

1000 метрге екі адам болып жарысуда Илья Голендов пен Андрей Ергучев күміс жүлдегер атанды. Қазақстандық спортшылардың алдын қытайлықтар орап кетті.

И. Голендов пен А. Ергучев жұбының көрсеткіші — 3.23.815. Ал алтын жүлде алған Қытай командасының уақыт көрсеткіші — 3.23.601.

Қола жүлде Өзбекстан командасының еншісінде.

Еске сала кетейік, бүгін таңертең төрт адамдық сында Қазақстан командасы алтын жүлдегер атанған болатын.

Дереккөз: Olympic.kz

Сондай-ақ

АЙДОС ЕРБОСЫНҰЛЫНЫҢ ТИТУЛДЫҚ ЖЕКПЕ-ЖЕГІНДЕГІ ҚАРСЫЛАСЫ АУЫСТЫ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлының (8-0, 7 КО) кәсіпқой бокстағы тоғызыншы әрі титулдық жекпе-жегіндегі қарсыласы …