УЕФА Еуропа Лигасының топтық кезеңінің 2-ші кезеңі аясында «Астана» өз алаңында «Ренн»-мен ойын өткізеді.
Кездесу бүгін Астана қаласындағы 30 000 көрермен сыятын «Астана Арена» стадионында өтеді. Ойын Астана уақыты бойынша сағат 20:50-де басталады. Ал «QazSport» телеарнасы ойынды тікелей эфирде көрсетеді.
Ойынға финляндиялық маман Маттиас Гестраниус өз тобымен төрелік ететін болады.
Естеріңізге салсақ, K тобында «Астана» мен «Ренн» клубтарының ойынынан бөлек, чехиялық «Яблонец» пен украиналық «Динамо Киев» кездесу өткізеді.
Сурет: «Qazsporttv» Instagram парақшасынан
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт