УЕФА Чемпиондар Лигасы 2018-2019 маусымының топтық кезеңінің 2-ші кезеңі аясында B тобындағы «Тоттенхэм» өз алаңында «Барселона» клубымен ойын өткізді. Сонымен қатар, бұл топтағы «ПСВ» мен «Интер» клубтары да өзара кездесу өткізді.
Лондон қаласындағы «Уэмбли» стадионында өткен кездесу өте тартысты өтті, әрі гол көп соғылды. Соңғы ойындарын сәтсіз өткізіп жүрген каталондық «Барселона», бұл жолы өте жақсы ойын өрнегін көрсетіп, «Тоттенхэмді» 2:4 жеңіп кетті.
Ал B тобындағы «ПСВ» өз алаңында «Интер» клубымен кездесу өткізіп, 1:2 есебімен есе жіберді.
Жалпы бүгін B тобындағы екі ойыннан бөлек, C, D және A топтарындағы ойындарда өтті. C тобында «ПСЖ» — «Црвена Звезданы» 6:1 есебімен тас-талқан етсе, «Наполи» — «Ливерпульді» 1:0 есебімен жеңіп кетті. D тобында «Локомотив» — «Шалькеден» 0:1 есебімен жеңілсе, «Порту» — «Галатасарайды» 1:0 есебімен тізе бүктірді. Ал G тобында «Атлетико» — «Брюггені» 3:1 есебімен ұтса, «Боруссия Дортмунд» — «Монаконы» 3:0 есебімен жеңді.
«Тоттенхэм» 2:4 «Барселона»
Голдар: Кейн, 52, Ламела, 66 — Коутиньо, 2, Ракитич, 28, Месси, 56, 90.
«Тоттенхэм»: Льорис — Триппьер, Альдервейрельд, Санчес, Дэвис — Уинкс, Ваньяма (Дайер, 57) — Моура, Ламела (Льоренте, 79), Сон Хын Мин (Сиссоко, 67) — Кейн.
«Барселона»: тер Штеген — Семеду, Пике, Ленгле, Альба — Артур (Видаль, 87), Бускетс (Вермален, 90+1), Ракитич — Месси, Л. Суарес, Коутиньо (Рафинья, 83).
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт