Дзюдодан Қазақстан Ұлттық құрамасының балуаны Гүлжан Исанова 78 келіге дейінгі салмақта Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Исанова үшінші орын үшін өткен кездесуде моңғолиялық Мунхтуйя Баттулганы жеңді. Ал жартылай финалдық кездесуде жапониялық Акира Сонге жол берді. Сурет: «Olympickz» Instagram парақшасынан
толық оқу»Осы күнгі архивтер: 31.08.2018
АЗИАДА-2018: СУ ДОБЫНАН ҚАЗАҚСТАН ЕРЛЕР КОМАНДАСЫ ФИНАЛҒА ШЫҚТЫ
Су добынан Қазақстан ерлер командасы Азия ойындарының алтын медаліне таласады. Жартылай финалда Қытайға қарсы өткен аса тартысты кездесуде қазақстандықтар 9:8 есебімен жеңіске жетті. Ақтық сында Қазақстан Жапония құрамасымен ойнайды. Финалдық кездесу 1-ші қыркүйек күні өтеді. Дереккөз: Olympic.kz
толық оқу»ЕУРОПА ЛИГАСЫНЫҢ ТОПТЫҚ КЕЗЕҢІНЕ ЖЕРЕБЕ ТАРТУ РӘСІМІ ӨТТІ
Ньонда Еуропа Лигасының 2018/2019 маусымында қатысатын командалар топтарға бөлінді. Еуропа Лигасының осы маусымындағы топтар келесі реттегідей: A тобы: «Байер» (Германия), «Лудогорец» (Болгария), «Цюрих» (Швейцария), АЕК (Кипр); B тобы: «РБ Зальцбург» (Австрия), «Селтик» (Шотландия), «РБ Лейпциг» (Германия), «Русенборг» (Норвегия); C тобы: «Зенит» (Ресей), «Копенгаген» (Дания), «Бордо» (Франция), «Славия» (Чехия); D тобы: …
толық оқу»12-ШІ АЛТЫН: САМБОШЫ БАҒЛАН ИБРАГИМ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ
Самбодан Қазақстан командасының мүшесі Бағлан Ибрагим жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды. 52 келіде сынға түскен балуан финалда моңғолиялық Эрденбаатар Шаалууды 4:0 есебімен жеңіп, алтын жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ, бүгін самбошылар Қазақстан қоржынына екі қола жүлде салды. Бейімбет Қанжанов пен Айжан Жылқыбаева өз салмақтарында үздік үштікке енді. Дереккөз: Olympic.kz
толық оқу»ЕУРОПА ЛИГАСЫНЫҢ ТОПТЫҚ КЕЗЕҢІНЕ ЖЕРЕБЕ ТАРТУ ӨТЕДІ
Биылғы маусымда Еуропа Лигасының топтық кезеңіне қатысатын барлық командалар белгілі болды. Енді бүгін, командаларды топтарға бөлу үшін, жеребе тарту рәсімі Ньонда өтеді. Бірінші кәрзеңке: «Севилья» (Испания), «Арсенал» (Англия), «Челси» (Англия), «Зенит» (Ресей), «Байер» (Германия), «Динамо» (Украина), «Бешикташ» (Түркия), «РБ Зальцбург» (Австрия), «Олимпиакос» (Греция), «Вильярреал» (Испания), «Андерлехт» (Бельгия), «Лацио» (Италия); Екінші …
толық оқу»АЗИАДА-2018: ҚОС ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫ ФИНАЛҒА ӨТТІ
Азия ойындарының жартылай финалына шыққан екі қазақ боксшысы да финалға жолдама алды. 75 келіде сынға түскен Әбілхан Аманқұлдың қарсыласы, үндістандық Кришан Викас жарақатына байланысты жекпе-жекке шығудан бас тартты. Осылайша, Әбілхан Аманқұл тікелей финалдық бәсекеге жолдама алды. Енді Әбілхан финалда, филиппиндік Эумир Феликс Марсиал мен өзбекстандық Исраил Мадримов арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен …
толық оқу»ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫ 2018/2019 МАУСЫМЫНЫҢ ТОПТЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕРЕБЕ ТАРТУ РӘСІМІ ӨТТІ
Монакода Чемпиондар Лигасының 2018/2019 маусымында қатысатын командалар топтарға бөлінді. Чемпиондар Лигасының 2018/2019 маусымындағы топтар келесі реттегідей: A тобы: «Атлетико» (Испания), «Боруссия» Дортмунд (Германия), «Монако» (Франция), «Брюгге» (Бельгия); B тобы: «Барселона» (Испания), «Тоттенхэм» (Англия), «ПСВ» (Голландия), «Интернационале» (Италия); C тобы: «ПСЖ» (Франция), «Наполи» (Италия), «Ливерпуль» (Англия), «Црвена Звезда» (Сербия); D тобы: …
толық оқу»АЗИАДА-2018: ЕРСҰЛТАН МҰЗАППАРОВ ҮЗДІК ҮШТІКТЕ
Қазақстан Ұлттық құрамасының балуаны Ерсұлтан Мұзаппаров кураштан (күрес) Азия ойындарының қола жүлдегері. 90 келіге дейінгі салмақта Ерсұлтан Мұзаппаров жартылай финалда өзбекстандық балуан Яхьо Имамовке есе жіберді. Бұл Қазақстан Ұлттық құрамасының кураштан алған Азия ойындарындағы жалғыз жүлдесі.
толық оқу»«АСТАНА» ЕУРОПА ЛИГАСЫНЫҢ ТОПТЫҚ КЕЗЕҢІНЕ ӨТТІ
«Астана» қатарынан үшінші рет Еуропа Лигасының топтық кезеңінде ойнайтын болады. УЕФА Еуропа Лигасы плей-офф кезеңі аясында, «Астана» қарымта ойында «АПОЭЛ»-ді, пенальти сериясында тізе бүктірді. «Астана Арена» стадионында өткен ойында, «Астана» ойыншысы Педро Энрике негізгі уақытта пенальтиден гол соғып, кездесу қосымша таймдарға және пенальти сериясына дейін жалғасты. Себебі, бірінші ойында «АПОЭЛ» …
толық оқу»СЫНЫҚ ҚОЛДАРЫМЕН ЧЕМПИОН БОЛҒАН
«ALEM FIGHTERS» клубының белді мүшесі, «TECH Krep Fc» белбеуінің иегері Нұрберген Шәріпов өзінің спорттық жолы туралы Dodasport.kz сайтының тілшісіне сұхбат берді. — Нұрберген, жанкүйерлер сенің спорттық базаңның қандай екенін және қай жерде жаттығатыныңды біле бермейді. Сол жайлы айтып берсең. — Спортты 9 жасымда еркін күрестен бастадым. Содан 20 жасыма дейін …
толық оқу»
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт