Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / Ауыр атлетика / АУЫР АТЛЕТИКАДАН ШЕТТЕТІЛГЕН ИЛЬЯ ИЛЬИН СПОРТҚА ҚАЙТЫП ОРАЛДЫ

АУЫР АТЛЕТИКАДАН ШЕТТЕТІЛГЕН ИЛЬЯ ИЛЬИН СПОРТҚА ҚАЙТЫП ОРАЛДЫ

Екі жылға спорттан шеттетілген Илья Ильин қайтып оралып, Қазақстан чемпионы атанды.

Талдықорған қаласында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының басты жаңалығы Ильяның спортқа қайтып оралып, өзі үшін жаңа салмақта (102 келіге дейін) бақ сынауы болды.

Қызылорда намысын қорғаған Илья Ильин, жарыс барысында жұлқа көтеруде 172 келіні және серпе көтеруде 208 келіні бағындырып, жалпы нәтижесінде 380 келіні көрсетіп, Қазақстан чемпионы атанды. Ал Әлішер Оразбек пен Эльдар Сембаев екінші және үшінші орындарға жайғасты.

Бұл, Илья Ильиннің 2008 және 2012 жылдардағы Олимпиада Ойындарында допинг қолданды деп, екі жылға ауыр атлетикадан шеттетілгеннен кейінгі, алғшқы ресми жарысы болды.

Илья Ильин 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада Ойындарына жолдама алу ниетінде екенін айтқан болатын.

Сондай-ақ

ҚАНАТ ИСЛАМДЫ IBF-ТА ӨЗ РЕЙТИНГІСІНЕН ШЫҒАРДЫ

Халықаралық Бокс Федерациясының (IBF) өткен ай қорытындысы бойынша жаңа рейтингісі жарияланды. Өткен айда Қазақстандық боксшылардан …