Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / ОҢТҮСТІК КОРЕЯ ФУТБОЛДАН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

ОҢТҮСТІК КОРЕЯ ФУТБОЛДАН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Оңтүстік Корея құрамасы 2018 жылғы Азия ойындарының финалында Жапония құрамасын 2:1 есебімен жеңді.

Оңтүстік Корея сапында корейлік жұлдызды ойыншы, «Тоттенхэмнің» жартылай қорғаушысы Сон Хын Мин өнер көрсетіп, финалда екі нәтижелі паспен көзге түсті. Азия ойындарындағы жеңісі арқылы 26 жастағы ойыншы және Оңтүстік Корея құрамасының барлық ойыншылары әскердегі міндетті борыш өтеуден босатылды.

Корея заңы бойынша, барлық ер азаматтар 28 жасқа толғанға дейін, әскерде 21 ай бойы борышын өтеулері тиіс. Оларды бұл міндеттен тек, Олимпиада ойындарында жүлделі (алтын, күміс, қола) медальға қол жеткізу немесе Азия ойындарының жеңімпазы атану ғана босатады.

Сондай-ақ

ӘЛЕМНІҢ БОКС ЖҰЛДЫЗДАРЫ ВИКТОР ДЕМЬЯНЕНКОНЫ ҚҰТТЫҚТАУ ҮШІН АЛМАТЫҒА КЕЛЕДІ

Тамыздың 26-ы күні бокстан Мәскеу Олимпиадасының күміс жүлдегері, Еуропа чемпионы, КСРО чемпионаттарының бірнеше мәрте жеңімпазы …