Биыл аты аңызға айналған қазақстандық велошабандоз Андрей Кивилевтің қайғылы қазасына 15 жыл. Осыған орай «Алматы туры-2018» халықаралық кәсіби жарысының алғашқы кезеңі спортшының есіміне арналмақ. «Осылайша бірінші қазақстандық кәсіби жарысының ұйымдастыру комитеті Адрей Михайлович Кивилевтің Қазақстан велоспортына деген қосқан үлесін тағы бір мәрте айқындамақшы. Кәсіби мансабын сонау 1997 жылы бастаған Кивилев …
толық оқу»Осы айғы архивтер: Сентябрь 2018
ҚХЛ: «БАРЫС» — «АВАНГАРДҚА» ЕСЕ ЖІБЕРДІ
Құрлықтық хоккей лигасының жетінші кезеңі аясында «Барыс» өз алаңында омскілік «Авангардқа» қарсы ойын өткізді. «Барыс Арена» стадионында өткен ойында «Барыс» бірінші таймда қатарынан үш гол жіберіп алды. Кейін қалған таймда «Барыс» есепті теңестіріп, ойынды қосымша таймға жалғастырды. Ал қосымша таймда жеңімпаз анықталмағындықтан, кездесудің нәтижесі тек буллиттер сериясында белгілі болды. Өкінішке …
толық оқу»ЗЛАТАН ИБРАГИМОВИЧ МАНСАБЫНДАҒЫ 500-ШІ ГОЛЫН СОҚТЫ
«Лос-Анджелес Гэлакси» клубының шабуылшысы Златан Ибрагимович мансабындағы 500-ші голын соқты. МЛС-тың кезекті кезеңі аясында «Лос-Анджелес Гэлакси» — «Торонтоға» 3:5 есебімен есе жіберді. Сол ойында швециялық Златан Ибрагимович мансабындағы 500-ші голын каратэ үлгісінде соқты. Ұлттық құрама мен клубтағы ойындарын бірге есептегенде Ибрагимович қазіргі уақытта ойнап жүрген ойыншылардан тек Месси (624) мен …
толық оқу»МЕДЕУДЕ ДӘСТҮРЛІ «БАСПАЛДАҚ» ЖАРЫСЫ ӨТЕДІ
Қыркүйектің 23-і күні «Медеу» шатқалындағы селден қорғау бөгетінде «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында дәстүрлі «Баспалдақ-2018» бұқаралық жүгіру жарысы өтеді, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды. Жарысқа 7 жастан асқан кез келген әуесқойлар, сонымен қатар, медициналық рұқсат қағазымен отбасылық командалар қатыса алады. Ең жас және ересек спортшылар (7-12 жас аралығындағы балалар және …
толық оқу»ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАЭКВОНДОШЫЛАР ТАЙПЕЙДЕГІ ГРАН-ПРИ ТУРНИРІНЕ АТТАНДЫ
Ертең Тайпейдің Таоюань қаласында таэквондодан G4 санатындағы Гран-при турнирі өтеді. Аталған сынға төрт қазақстандық спортшы қатысады. Гран-при бәсекесінде ел намысын Жансель Дениз (67 келі), Руслан Жаппаров (80 келіден жоғары), Нұрлан Мырзабаев (80 келіге дейін) және Смайыл Дүйсебай (87 келіге дейін) қорғайды. Алғаш болып ауыр салмақтағы спортшылар — Руслан Жаппаров пен …
толық оқу»ГОЛОВКИН — КАНЕЛО II БОКС КЕШІНДЕГІ ДАВИД ЛЕМЬЕНІҢ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ
Канадалық кәсіпқой боксшы Давид Лемье (39-4, 33 KO) қарсыласын нокаутпен жеңіп, орта салмақта WBA нұсқасы бойынша Әлем чемпионы белбеуіне басты үміткер атанды. Лас-Вегастағы «T-Mobile Arena»-да өткен, Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің екінші жекпе-жек кешінде, Давид Лемье қарсыласы ирландиялық боксшы Гэри О’Салливанды (28-2, 20 КО) бірінші раундта нокаутпен жеңді. Жекпе-жектен кейін …
толық оқу»КОНФЕДЕРАЦИЯ КУБОГІ: ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛҒА ӨТКЕН КОМАНДАЛАР АНЫҚТАЛДЫ
Бокстан Конфедерация кубогінде аймақтардағы іріктеу кезеңдері аяқталып, турнирдің жартылай финалына жеткен командалар белгілі болды. 9 қыркүйек күні алғашқы жартылай финалдық жұп анықталды. Шымкент және Қарағанды облысының боксшылары финал жолдамасына таласады. Жартылай финалдағы екінші жұп — Астана және Маңғыстау облысының командалары. Астаналық команда өз тобындағы барлық кездесуде жеңіске жетті. Олардың қатарында …
толық оқу»HALYK ARENA-ДА ХОККЕЙ МАУСЫМЫ АШЫЛДЫ
«Halyk Arena» мұз кешенінде екі күн бойы шайбалы хоккейден «Алматы» ерлер хоккей командасының Қазақстан чемпионатыдағы ойындары өтті, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды. Алматы командасы өз алаңындағы алғашқы кездесуді ел біріншілігінің үш мәрте чемпиондары «Бейбарыс» ХК жұптық матчтарымен бастады. Алматыдағы үлкен хоккей маусымының ашылу салтанатында алып шаҺардың Дене шынықтыру және спорт басқармасының …
толық оқу»ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫ: «ЛИВЕРПУЛЬ» — «ПСЖ» ОЙЫНЫ ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ
УЕФА Чемпиондар Лигасы 2018-2019 маусымының топтық кезеңінде C тобында өнер көрсететін «Ливерпуль» мен «ПСЖ» өзара кездесу өткізеді. Олардан бөлек бұл топтағы «Црвена Звезда» мен «Наполи» клубтары да ойын өткізеді. «Ливерпуль» мен «ПСЖ» ойыны Ливерпуль қаласындағы атақты «Энфилд Роуд» стадионында өтеді. Кездесу 18-ші қыркүйектен 19-шы қыркүйекке қараған түні, Астана уақыты бойынша …
толық оқу»ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАСКЕТБОЛШЫЛАР СЫРТ АЛАҢДА АВСТРАЛИЯҒА ЖОЛ БЕРДІ
Баскетболдан Қазақстан ерлер құрамасы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Австралиядан ұтылып қалды. Жасыл құрлықта өткен кездесуде біздің спортшылар 94:41 есебімен қарсыласқа жол берді. Қазақстан сапынан Александр Жигулин мен Дмитрий Гаврилов ең көп ұпай жинады. Бұл матчта Австралияның басым болуы заңды. Өйткені, әлемдік ФИБА рейтингінде австралиялықтар үздік ондыққа енеді, ал Азия және …
толық оқу»
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт