Басты бет / Қысқы спорт / ҚХЛ: «БАРЫС» — «ТОРПЕДО» ОЙЫНЫ ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ

ҚХЛ: «БАРЫС» — «ТОРПЕДО» ОЙЫНЫ ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ

Құрлықтық хоккей лигасы 2018/2019 маусымының бесінші кезеңі аясында «Барыс» өз алаңында «Торпедоға» қарсы ойын өткізеді.

Астана қаласында өтетін кездесу жергілікті уақытпен сағат 19:30-да басталады. «QazSport» телеарнасы ойынды тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетейік, «Барыс» өткен ойынын Астана қаласында өткізіп, қарсыласы Нижнекамсктің «Нефтехимик» клубына қосымша таймда 4:5 есебімен есе жіберген болатын.

Сондай-ақ, бұл «Барыс» клубының Нижний Новгородтік «Торпедо» клубына қарсы өткізетін екінші ойыны болмақ. Нижний Новгород қаласында өткен кездесуде, «Торпедо» клубы 6:5 есебімен жеңіске жеткен еді.

Сурет: «Qazsporttv» Instagram парақшасынан

Сондай-ақ

САУЛЬ АЛЬВАРЕС ЧЕМПИОНДЫҚ БЕЛБЕУСІЗ ҚАЛДЫ

Халықаралық бокс ұйымы (IBO) Сауль Альварестен чемпиондық белбеуді тартып алуды жөн санады. Ұйымның ресми хабарламасында …