Орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша Әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) екінші жекпе-жектері алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті.
Головкиннің салмағы таразыда 159,6 фунты (72,39 келіні) көрсетті. Ал қарсыласы Альварестің 159,4 фунт (72,3 келі) болды. Орта салмақтың шегі бойынша 160 фунттан аспауы қажет.
Жекпе-жекке бір апта қалғанда Головкиннің салмағы 163,8 фунт (74,3 келі) болса, ал Альварестің салмағы 163,2 фунт (74,02 келі) болған еді.
Головкин мен Канело арасындағы екінші жекпе-жек 15-ші қыркүйек күні (Қазақстанда 16-шы қыркүйек күні таңертең) Лас-Вегастағы «T-Mobile Arena»-да өтеді. Бокс кеші Астана уақыты бойынша сағат 06:00-де басталады.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт