Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / АҒЫЛШЫН ПРЕМЬЕР-ЛИГАСЫНЫҢ 2-ШІ КЕЗЕҢІНІҢ НӘТИЖЕСІ

АҒЫЛШЫН ПРЕМЬЕР-ЛИГАСЫНЫҢ 2-ШІ КЕЗЕҢІНІҢ НӘТИЖЕСІ

Ағылшын Премьер-лигасының 2-ші кезеңіндегі чемпиондыққа үміткер командалардың ойын нәтижелері.

«Тоттенхэм» өз алаңында «Фулхэммен» ойын өткізіп, ешқандай қиындықсыз 3:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл ойында Харри Кейн тамыз айындағы алғашқы голын соғып көзге түсті. Бұған дейін Кейн тамыз айында АПЛ-да 15 ойын өткізіп, бірде-бір гол соқпаған болатын.

«Тоттенхэм» 3-ші кезеңде «Манчестер Юнайтедке» қарсы ойын өткізеді.

«Тоттенхэм» 3:1 «Фулхэм»

Голдар: 43′ Моура, 74′ Триппьер, 77′ Кейн — 52′ Митрович.

«Тоттенхэм»: Льорис — Альдервейрельд, Вертонген, Санчес (Дембеле 63′) — Триппьер, Эриксен, Дайер (Ламела 73′), Алли, Дэвис — Моура, Кейн (Уинкс 89′).

«Фулхэм»: Фабри — Фосу-Менса, Чеймберс, Ле Маршан, Брайан (Кристи 85′) — Сери, Замбо-Ангисса, Кэрни (Йохансен 73′) — Камара (Шюррле 88′), Митрович, Сессеньон.

Ағылшын Премьер-лигасының 2-ші кезеңінің орталық ойынында, «Челси» «Арсеналмен» кездесті. 5 гол соғылған лондондық дербиде, Маурицио Сарридің шәкірттері ойындағы өз сәттерін нәтижелі пайдаланып, 3:2 есебімен жеңіске жетті.

3-ші кезеңде «Арсенал» өз алаңында «Вест Хэммен» кездессе, ал «Челси» сырт алаңда «Ньюкаслмен» ойнайды.

«Челси» 3:2 «Арсенал»

Голдар: 9′ Педро, 20′ Мората, 81′ Алонсо — 37′ Мхитарян, 41′ Ивоби.

«Челси»: Аррисабалага — Аспиликуэта, Рюдигер, Давид Луис, Алонсо — Канте, Жоржиньо, Баркли (Ковачич 60′) — Виллиан (Азар 61′), Мората (Жиру 75′), Педро.

«Арсенал»: Чех — Бельерин, Папастатопулос, Мустафи, Монреаль — Гендузи, Джака (Торрейра 46′) — Мхитарян, Озил (Рэмси 68′), Ивоби (Ляказетт 75′) — Обамеянг.

Ағылшын Премьер-лигасының 2-ші кезеңі аясында, «Манчестер Сити» «Хаддерсфилдті» ірі 6:1 есебімен жеңді. Ал қалалықтардың шабуылшысы Серхио Агуэро үш гол соғып, АПЛ-дағы тоғызыншы хет-тригін жасады, және де бұл көрсеткіш бойынша екінші орынға шықты.

3-ші кезеңде «Манчестер Сити» сырт алаңда «Вулверхэмптонмен» кездеседі.

«Манчестер Сити» 6:1 «Хаддерсфилд»

Голдар: 25′, 35′, 75′ Агуэро, 31′ Жезус, 48′ Силва, 84′ Конголо (өз қақпасына) — 43′ Станкович.

«Манчестер Сити»: Эдерсон — Стоунз, Компани, Ляпорт — Б. Силва, Д. Силва (Марез 64′), Фернандиньо, Гюндоган (Фоден 82′), Менди — Жезус, Агуэро (Сане 76′).

«Хаддерсфилд»: Хамер — Леве, Конголо, Шиндлер, Станкович, Смит — Сабири (Депуатр 46′), Биллинг, Притчард (Диахаби 61′), Хадерджонаж — Мунье (Собхи 84′).

«Манчестер Юнайтед» жаңа маусымдағы алғашқы ойында жеңіліс тапты. «Брайтон» өз алаңында қызыл сойқандарды қабылдап, 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Бұндай сүреңсіз ойынмен Жозе Моуриньоның командасы биылғы маусымда да, өткен маусымдағыдай чемпиондықтан құр қалуы әбден мүмкін.

«Манчестер Юнайтед» 3-ші кезеңде өз алаңында «Тоттенхэмді» қабылдайды.

«Брайтон» 3:2 «Манчестер Юнайтед»

Голдар: 25′ Мюррей, 27′ Даффи, 44′ Гросс (пенальтиден) — 34′ Лукаку, 95+5′ Погба (пенальтиден).

«Брайтон»: Райан – Монтойя, Даффи, Данк (Балогун 20′), Бонг – Нокарт, Стивенс, Проппер, Марч – Гросс (Кайал 89′) – Мюррей (Локадия 90+3′).

«Манчестер Юнайтед»: Де Хеа – Янг, Линделеф, Байи, Шоу — Фред, Перрейра (Лингард 46′), Погба – Мата (Рашфорд 46′), Лукаку, Мартиаль (Феллаини 60′).

Ағылшын Премьер-лигасының 2-ші кезеңінің ең соңғы ойыны болған, «Кристал Пэлас» пен «Ливерпуль» арасындағы кездесуде, мерсисайдықтардың басты жұлдызы Мохамед Салах, бірінші гол соғыларда өз командасына пенальти жасап берді, және де екінші голға нәтижелі пас шығарды.

3-ші кезеңде «Ливерпуль» өз алаңында «Брайтонмен» кездеседі.

«Кристал Пэлас» 0:2 «Ливерпуль»

Голдар: 45+1′ Милнер (пенальтиден), 90+3′ Мане.

«Кристал Пэлас»: Хеннеси — Ван-Биссака, Томкинс, Сако, ван Анхолт – Таунсенд (Уорд 79′), Миливоевич, Макартур, Шлупп (Майер 83′) – Заа, Бентеке (Серлот 70′).

«Ливерпуль»: Алиссон – Александер-Арнольд, Гомес, ван Дейк, Робертсон – Милнер (Хендерсон 67′), Вейналдум, Кейта (Лаллана 87′) – Мане, Фирмино (Старридж 90+4′), Салах.

Алаңнан қуылды: 75′ Ван-Биссака.

Суреттер: Getty Images сайтынан

Сондай-ақ

ЙОН ЖӘНЕ ГОРКА ИСАГИРРЕЛЕР «АСТАНА» САПЫНА АУЫСАДЫ

«Астана» командасы испаниялық екі шабандоз – Йон Исагирре және Горка Исагиррелермен екі жылдық келісім шартқа …