Оңтүстік Корея құрамасы 2018 жылғы Азия ойындарының финалында Жапония құрамасын 2:1 есебімен жеңді.
Оңтүстік Корея сапында корейлік жұлдызды ойыншы, «Тоттенхэмнің» жартылай қорғаушысы Сон Хын Мин өнер көрсетіп, финалда екі нәтижелі паспен көзге түсті. Азия ойындарындағы жеңісі арқылы 26 жастағы ойыншы және Оңтүстік Корея құрамасының барлық ойыншылары әскердегі міндетті борыш өтеуден босатылды.
Корея заңы бойынша, барлық ер азаматтар 28 жасқа толғанға дейін, әскерде 21 ай бойы борышын өтеулері тиіс. Оларды бұл міндеттен тек, Олимпиада ойындарында жүлделі (алтын, күміс, қола) медальға қол жеткізу немесе Азия ойындарының жеңімпазы атану ғана босатады.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт