Ұлттар лигасының бірінші кезеңі аясында Йоахим Лев пен Дидье Дешамның командалары өз араларында жеңімпазды анықтай алмады, ойын тең 0:0 есебімен аяқталды.
Мюнхендегі «Альянц-Арена» стадионында өткен чемпиондардың кездесуінде, 2014-шы жылғы Әлем чемпионы Германия құрамы үлкен өзгерістермен шыққан болса, ал 2018-шы жылғы Әлем чемпионы Франция құрамы дәл сол Ресейде өткен Әлем чемпионатының финалындағындай болды.
Бұл кездесудің ресми екендігіне қарамастан, қос құрамада бір жолдастық ойын өткізіп жүргендей болды. Немістер екі таймда да допқа көп иелік етумен болды, ал француздар қарсы шабуылда ойнады. Екі команданың да гол соғуға бірнеше мүмкіндіктері болды бірақ, ешқайсысы гол соға алмады.
Германия мен Франция құрамалары А лигасының 1-ші тобында бір-бір ұпаймен бірінші және екінші орындарда тұр, ал Голландия құрамасы үшінші орында әзірге ойын өткізбеді.
Сурет: Getty Images сайтынан
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт