Басты бет / Басқа түрлер / СЫРДАРИЯДА ВОЛЕЙБОЛДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

СЫРДАРИЯДА ВОЛЕЙБОЛДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

Сырдария ауданы Тереңөзек кентінде волейболдан 2003-2004 ж.т. жасөспірімдер арасында халықаралық турнир басталды. Биыл 20-шы мәрте ұйымдастырылған турнирге Өзбекстаннан және еліміздің бірқатар облыстарынан 20 команда, 317 спортшы қатысуда.

Жарыстың ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, Сырдария ауданының Құрметті азаматы Алма Бақтиярова сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарыс ережесіне сәйкес командалар төрт топқа бөлініп ойнауда.

Турнирдің ақтық ойындары 8 қыркүйек күні өтеді.

Бүгінде облыста волейбол ойыны дамып, жыл сайын республикалық, халықаралық турнирлер, балалар мен жасөспірімдер арасында облыс біріншіліктері ұйымдастырылуда.

Нəтижесінде аймақтың намысын қорғап, толағай нəтижелерге қол жеткізіп жүрген облыстың жасөспірімдер құрама командалары биылғы жылы Астана, Ақтөбе қалаларында үш жас ерекшелігі бойынша өткен ҚР чемпионаттарында бірінші, екінші жəне екі мəрте үшінші орындарды иеленді.

Сондай-ақ, Қызылордада өткен ҚР Ауыл жасөспірімдерінің 2-ші жазғы ойындарында ұлдар командасы 1-орынды, қыздар командасы 2-орынды еншіледі.

Сондай-ақ

ИСПАНИЯ ВУЭЛЬТАСЫНЫҢ 16-ШЫ КЕЗЕҢІНЕН КЕЙІН МИГЕЛЬ АНХЕЛЬ ЛОПЕС ЖАЛПЫ ЕСЕПТЕ 6-ШЫ ОРЫНДА

Екінші демалыс күнінен кейін бүгін «Испания Вуэльтасы» қайта жалғасын тапты. Кезең Сантильяна-дель-Мар қаласынан басталып, қиынға …