Басты бет / Бокс / ӘЛЕМНІҢ БОКС ЖҰЛДЫЗДАРЫ ВИКТОР ДЕМЬЯНЕНКОНЫ ҚҰТТЫҚТАУ ҮШІН АЛМАТЫҒА КЕЛЕДІ

ӘЛЕМНІҢ БОКС ЖҰЛДЫЗДАРЫ ВИКТОР ДЕМЬЯНЕНКОНЫ ҚҰТТЫҚТАУ ҮШІН АЛМАТЫҒА КЕЛЕДІ

Тамыздың 26-ы күні бокстан Мәскеу Олимпиадасының күміс жүлдегері, Еуропа чемпионы, КСРО чемпионаттарының бірнеше мәрте жеңімпазы  және жүлдегері Виктор Демьяненко 60 жасқа толды. Ресми түрде мерекелік іс-шара қыркүйектің 9-ы күні Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Алматыдағы бокс мектебінің түлегі Виктор Демьяненко спорттық  мансабында  биік жетістіктерге  қол жеткізген былғары қолғап шебері. Отандасымыз тек Одақта ғана емес, барлық қарсыластарын сенімді түрде жеңіп, ол қатысқан барлық  жарыстарда қарсыласқа шақ келтірмеді.  1980 жылы Мәскеуде өткен жазғы Олимпиада ойындарында Виктор Демьяненкоға алтын медальді жеңуге  кейбір себептер  кедергі болды.  Соған қарамастан, сол жылы Кеңес Одағының Бокс федерациясы Виктор Демьяненконы «КСРО-ның үздік боксшысы»  атағымен марапаттады.  Сонымен қатар, осы атаққа Валерий Рачков (1978 ж.), Виктор Демьяненко, Серік Қонақбаев  (1980), Серік Нұрқазов (1984) және Игорь Ружников (1989ж.) ие болды.

Шараның ұйымдастырушылары Виктор Демьяненконың 60 жылдығына орай, қыркүйектің 9-ы күні Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында 11: 00-ден 14: 00-ге дейін есте қаларлық кездесуге шақырады. Спорттық шараға әр түрлі жылдардағы танымал былғары қолғап шеберлері қатысады деп күтілуде. Спорт сарайына кіру тегін болады.

Сондай-ақ

АЛМАТЫДА ПАРАДЗЮДОДАН ӘЛЕМ КУБОГЫ ӨТУДЕ

9 қыркүйек Қазақстан бойынша тұңғыш рет Атырау қаласында парадзюдодан әлем кубогының ашылу салтанаты өтті. Оған …