Ұлттар лигасының бірінші кезеңі аясында Германия құрамасы Франция құрамасына қарсы ойын өткізеді.
Бүгін, 6-шы қыркүйектен 7-ші қыркүйекке қараған түні, 2014-шы жылғы Әлем чемпионы Германия құрамасы Мюнхендегі «Альянц-Арена» стадионында 2018-шы жылғы Әлем чемпионы Франция құрамасын қабылдайды.
Қазақстандық «Qazsport» телеарнасы ойынды тікелей эфирде көрсетеді. Кездесу Астана уақыты бойынша сағат 00:45-те басталады.
Германия құрамасы А лигасының 1-ші тобында, Франция және Голландия құрамаларымен бірінші орынға таласады.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт