Ұлттар лигасының ашылу ойынында әрі бірінші кезеңінде Қазақстан Ұлттық құрамасы Грузия құрамасына қарсы ойын өткізіп, 0:2 есебімен жеңіліс тапты.
«Астана Арена» стадионында өткен ойында, Ұлттар лигасы турнирінің алғашқы голын 32-ші минутта Грузия құрамасының ойыншысы Георги Чакветадзе соқты. Ал 74-ші минутта Қазақстан құрамасының қорғаушысы Сергей Малый өз қақпасына гол соғып алды.
Осылайша, Қазақстан Ұлттық құрамасы Грузия құрамасына 0:2 есебімен есе жіберді.
Енді, D лигасының А тобында өнер көрсететін Қазақстан Ұлттық құрамасы, келесі ойынын 11-ші қыркүйек күні Андорра құрамасына қарсы өткізеді.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт