Ұлттар лигасының екінші кезеңі аясында, Қазақстан Ұлттық құрамасы сырт алаңда Андорра құрамасына қарсы ойын өткізеді.
Кездесу бүгін, 10-шы қыркүйектен 11-ші қыркүйекке қараған түні Андорра-ла-Велья қаласының «Эстади Насьональ» стадионында өтеді. Басталуы Астана уақыты бойынша сағат 00:45-те, ойынды «QazSport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Естеріңізге салсақ, Ұлттар лигасының ашылу ойынында әрі бірінші кезеңінде Қазақстан Ұлттық құрамасы Грузия құрамасына қарсы ойын өткізіп, 0:2 есебімен жеңілген болатын. Ал Андорра құрамасы Латвия құрамасымен кездесіп, ойын 0:0 есебімен аяқталды.
Сурет: «Qazsporttv» Instagram парақшасынан
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт