Қазақстандық боксшы Шыңғысхан Тәжібай (6-0, 2 КО) кәсіпқой бокстағы кезекті жекпе-жегін өткізді.
Филадельфия (Пенсильвания штаты, АҚШ) қаласында өткен бокс кешінде, отандасымыз америкалық боксшы Джастин Джонсонмен (6-17-6) қолғап түйістірді. Шыңғысхан төрт раундты толық өткізіп, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.
Шыңғысхан Тәжібай кәсіпқой бокстағы жетінші жекпе-жегін өткізіп, жетінші жеңісіне қол жеткізді, оның екеуі уақытынан бұрын аяқталған.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт