Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / «ПИРАМИДС» КЛУБЫ ИБРАГИМОВИЧКЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ЖОҚҚА ШЫҒАРДЫ

«ПИРАМИДС» КЛУБЫ ИБРАГИМОВИЧКЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ЖОҚҚА ШЫҒАРДЫ

Златан Ибрагимович Египеттік клубтан ешқандай ұсыныс алмаған.

Бірнеше күн бұрын БАҚ өкілдерінде, «Лос-Анджелес Гэлакси» клубының шабуылшысы Ибрагимович Египеттік «Пирамидс» клубынан жақсы келісімшарт жайлы ұсыныс алғандығы және ендігі мансабын Египет біріншілігінде жалғастырмақ деген ақпараттар пайда болған еді.

Бұл ақпаратты, «Пирамидс» клубының спорттық директоры Ахмед Хассан жоққа шығарды:

«Бұл ешқандай негізсіз ақпарат. Ол ақпаратты, ойдан жаңалықтарды шығаратын, жалған бір жаңалықтар сайты жариялаған», — деп Kingfut Хассанның сөзінен үзінді келтірді.

Осы маусымда МЛС біріншілігінде Златан 21 ойында 16 гол соққан.

Сурет: Getty Images сайтынан

Сондай-ақ

АЛМАТЫДА АЛҒАШҚЫ РЕТ БАСКЕТБОЛДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында алғашқы рет баскетболдан ерлер арасындағы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі …