Басты бет / Басқа түрлер / НӘЛҚОЖА ЕРГЕШБАЕВ АТЫНДАҒЫ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ТУРНИРІ ӨТТІ

НӘЛҚОЖА ЕРГЕШБАЕВ АТЫНДАҒЫ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ТУРНИРІ ӨТТІ

2-6 наурыз аралығында Қызылордада мемлекет және қоғам қайраткері Нәлқожа Ергешбаевты еске алуға арналған тоғызқұмалақтан халықаралық турнир өтті.

Биыл он бірінші мәрте ұйымдастырылған дүбірлі бәсекеге Ауғанстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Ресей, Түркіменстан, Түркия, Тәжікстан және Қазақстаннан 20 команда, 220 тоғызқұмалақшылар ұлттық ойынды ұлықтады. Жарыс классика бойынша 9 турда, жас ерекшелігіне сәйкес 4 топта өткізілді.

Нәлқожа Ақбалаұлы Сыр елінің әлеуметтік — экономикалық дамуында із қалдырған белгілі қоғам қайраткері. Елге адал қызмет жасаған азамат 2 мәрте Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған. Бүгінде Сырдария ауданы мен ауылдардағы мектептер, мәдениет үйлерінің бірқатары бір кездері осы ауданды басқарған Нәлқожа Ақбалаұлының бастамасымен салынды. Былтырдан бастап халықаралық мәртебеге ие болған турнирге жыл өткен сайын қатысушылар саны көбейіп, маңызы арта түсуде.
Ойынның мақсаты — Елбасы бастамасы аясында ұлттық рухты жаңғыртуға ықпал ететін тоғызқұмалақты облыс көлемінде дамыту, халық арасында кеңінен насихаттау, спорттық шеберлікті және зияткерлік қабілетті қалыптастыру.

Фото Лауры Шонгаловой.

Турнирде «Ең жас ойыншы» номинациясына 6 жастағы Арал ауданынан Янжу Өмірбай ие болса, «Ең жасы үлкен ойыншы» номинациясымен 70 жастағы оңтүстікқазақстандық Тілеу Құдияров марапатталды. Жарысқа белсенді қатысқаны үшін бірқатар елдердің өкілдеріне дипломдар мен естелік сыйлықтар берілсе, 2017 жылдың қорытындысы бойынша тоғызқұмалақтан «Үздік ойыншы» номинациясымен Әлем чемпионатының қола жүлдегері жерлесіміз Ақерке Кенжебекова марапатталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом, кубок және ақшалай сыйлықтар табысталды.

Фото Лауры Шонгаловой.

Турнир нәтижесі:

15 жасқа дейінгі жасөспірім қыздар:
I орын Балнұр Айжарық (Қызылорда)
II орын Зарина Асибек (Қызылорда)
III орын Гүлзат Қыстаубаева (Арал ауданы)

15 жасқа дейінгі жасөспірім ұлдар:
I орын Дамир Ахметов (Сырдария)
II орын Бексайыр Айтмаханов (Қызылорда)
III орын Жарылқасын Беркінбаев (ОҚО)

Фото Лауры Шонгаловой.

Әйелдер арасында:

I орын Әсел Дәлиева (ОҚО)
II орын Салтанат Сапарбекова (ОҚО)
III орын Айтұрған Мақсатбекқызы (Қырғызстан)

Ерлер арасында:
I орын Ғалымжан Темірбаев (Астана)
II орын Саят Жандарбек (ОҚО)
III орын Бексұлтан Бостандықов (Қызылорда)

Сондай-ақ

ГОЛОВКИН АЛЬВАРЕСТЕН КЕЙІН ЖЕКПЕ-ЖЕГІН ҚАЗАҚСТАНДА ӨТКІЗУІ МҮМКІН

Ағымдағы жылы 5 мамырда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында Геннадий Головкин мексикалық боксшы Сауль Альвареске қарсы реванш …

Добавить комментарий