Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕД АЛДЕРВЕЙРЕЛДТІ САТЫП АЛУҒА ЖАҚЫН

МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕД АЛДЕРВЕЙРЕЛДТІ САТЫП АЛУҒА ЖАҚЫН

«Тоттенхэм» клубының қорғаушысы Тоби Алдервейрелд «Манчестер Юнайтед» клубына ауысуға жақын.

Mirror басылымының хабарлауынша, «Манчестер Юнайтед» бір-екі күнде «Тоттенхэмнің» қорғаушысы Алдервейрелдтің ауысымын өткізуге ниетті екен.

Бельгиялықтың ауысым құны «қызыл сойқандарға» 60 миллион фунтқа түспек.

Өткен маусымда 29 жастағы бельгиялық жарақатының және бәсекелесі Давинсон Санчестің себебінен, «Тоттенхэм» сапында Премьер-лигада 14 ойынға ғана қатыса алды.

Осы жазда өткен әлем чемпионаты 2018-де Тобиас Бельгия құрамасының негізгі ойыншысы болды. Алдервейрелд құрамасымен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Фото: Getty Images сайтынан

Сондай-ақ

КИЛЛИАН МБАППЕ ЖАТТЫҒУЛАРЫНА ОРАЛДЫ

«ПСЖ» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе жаттығуларына қайтып оралды. Француз Instagram-дағы парақшасында, «Алаңға оралдым» — деп …