Қазақстандық ММА жауынгері Руслан Серікпұлов (13-5) Ақтау қаласында өткен NFC 15 басты жекпе-жегінде өнер көрсетті.
Руслан Серікпұлов қарсыласы қырғызстандық Қаныбек Жәнібек улуу болды. Қырғызстандық жауынгер екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Бұл Руслан мен Қаныбек арасындағы екінші кездесу болды. Естеріңізге салсақ, екі жауынгер осы жылдың мамыр айында NFC 14 додасында жекпе-жек өткізіп, Руслан Серікпұлов төрешілердің шешімімен жеңімпаз деп танылған болатын.
Руслан Серікпұлов кәсіпқой мансабында он үш жекпе-жекте жеңіске жетіп, алты рет жеңілген. Ал Қаныбек Жәнібек улуу бес жекпе-жекте жеңіске жетіп, бес рет жеңілген.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт