«Челси» жартылай шабуылшы Эден Азарды команда да сақтап қалмақ.
Лондондық клуб 27 жастағы бельгиялыққа жалақысы аптасына 300 мың фунт болатын жаңа келісімшарт ұсынбақ. Қазір ол 220 мың фунт алуда.
Дүйсенбі күні «Челсидің» жаңа бас бапкері Маурицио Сарри ойыншымен кездесіп, оның клубтағы болашағы жайлы сөйлеспек.
Мадридтік «Реалдың» көзі түскен ойыншыны «Челси» осылайша өзінде ұстап қалуды ойлауда.
Ертеректе, лондондықтар жартылай қорғаушы Нголо Кантеге жалақысы аптасына 290 мың фунт болатын жаңа келісімшарт ұсынған болатын.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт