Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / ЖАПОН ОЙЫНШЫСЫ ФУТБОЛДАН КАМБОДЖИЯ ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ АТАНДЫ

ЖАПОН ОЙЫНШЫСЫ ФУТБОЛДАН КАМБОДЖИЯ ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ АТАНДЫ

Автсралиялық «Мельбурн Виктори» клубының және Жапония құрамасының бұрынғы ойыншысы Кейсуке Хонда Камбоджия құрамасының бас бапкері мен менеджері қызметіне тағайындалды.

Ойыншы ретіндегі мансабын аяқтамақ болған 32 жастағы Кейсуке, осы жазда «Мельбурн Виктори» клубынын келген ұсынысты қабылдап бір жылдық келісімшарт мерзіміне отырған. Хонда мансабында «Венло», «ЦСКА», «Милан» және «Пачуку» клубтарында ойнаған.

Әзірге Кейсуке Хонда ойыншы ретіндегі мансабын аяқтамайды. Ол «Мельбурн Викторидің» ойынынан бөлек, Камбоджия құрамасының бас бапкері мен менеджері қызметін бірге атқармақ. Жапондық ойыншы өзінің бапкерлер құрамына апта сайын бейне байланыс арқылы тапсырмалар беріп отырады.

Хонда Жапония ұлттық құрамасымен үш әлем чемпионатына қатысты және 2011-шы жылы Азия Кубогын жеңіп алды. Барлығы ұлттық құрама сапында 98 ойында 37 гол соққан. Кейсуке Хонда, Ресейде өткен Әлем Чемпионаты 2018-ден кейін ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады.

Сондай-ақ

АЗИАДА-2018: ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ КОМАНДАЛЫҚ ЕСЕПТЕ АЛҒАШҚЫ МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Азия ойындарында су добынан әйелдер командасы арасындағы бәсекелер аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Соңғы матчта …