Басты бет / Кәсіпқой бокс / Әли Ахмедов / IBO-НЫҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН РЕЙТИНГІСІ ЖАРИЯЛАНДЫ

IBO-НЫҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН РЕЙТИНГІСІ ЖАРИЯЛАНДЫ

Халықаралық Бокс Ұйымының (IBO) өткен ай қорытындысы бойынша жаңа рейтингісі жарияланды.

Қазақстандық боксшылардың кейбірі рейтингтері орындарын өзгертті.

Аса ауыр салмақтағы Иван Дычко 92-ші орыннан 94-ші орынға төмендеді.

Ал бірінші ауыр салмақта қолғап түйістіретін Бейбіт Шүменов 31-ші орынын сақтап қалды. Сондай-ақ, Иса Ақбербаев та 50-ші орынын сақтап қалыпты.

Жартылай ауыр салмақтағы Әли Ахмедов 36-шы орыннан 34-ші орынға көтеріліп, өз жағдайын жақсартты.

Орта салмақтағы Мейірім Нұрсұлтанов алты саты жоғары көтеріліп, 64-ші орынға жайғасты.

Бірінші орта салмақта қолғап түйістіретін Қанат Ислам тоғызыншы орыннан оныншы орынға төмендеді. Ал Мәдияр Әшкеев 99-шы орыннан 96-шы орынға көтеріліп, өз жағдайын жақсартты.

Жартылай орта салмақтағы Жанқош Тұраров 49-шы орыннан 57-ші орынға дейін төмендеп кетті. Бахтияр Эюбов та бірнеше саты төмендеп, 86-шы орыннан 92-ші орынға тұрақтады.

Бірінші жартылай орта салмақта жұдырықтасатын Батыр Жүкембаев бір саты жоғары көтеріліп, 29-шы орынға орналасты. Руслан Мәдиев үш саты жоғарылап, 82-ші орынға жайғасты.

Екінші жартылай орта салмақтағы Бекман Сойлыбаев 50-ші орынын сақтап қалды.

Сондай-ақ

БАСКЕТБОЛДАН 2019 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТЕДІ

Алматы – Балуан Шолақ атындағы Спорт Сарайы, 13 қыркүйек, 20:00. Қазақстан Республикасының Ұлттық Баскетбол Федерациясы …