Футбол көрсеткіштеріне зерттеу жүргізетін швейцариялық CIES Football Observatory компаниясы, 2010-шы және 2018-шы жылдар аралығындағы клубтардың трансферлік ауысымдарын зерттеп, қорытындысын шығарды.
Ойыншы сатып алу бойынша көш басында «Манчестер Сити» клубы тұр. Ағылшындық клуб 8 жылда 1,47 миллиард еуро жұмсаған.
Сондай-ақ, үздік бестікте «Челси» (1,31 млрд), «Барселона» (1,26 млрд), «ПСЖ» (1,24 млрд) және «Манчестер Юнайтед» (1,1 млрд) клубтары тұр.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт