Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / ГРИЗМАНН: МЕН ФИФА-НЫҢ ЖЫЛ ОЙЫНШЫСЫНА ҮМІТКЕР ҮЗДІК ҮШТІГІНДЕ БОЛУҒА ТИІС ЕДІМ

ГРИЗМАНН: МЕН ФИФА-НЫҢ ЖЫЛ ОЙЫНШЫСЫНА ҮМІТКЕР ҮЗДІК ҮШТІГІНДЕ БОЛУҒА ТИІС ЕДІМ

«Атлетико» клубының және Франция құрамасының шабуылшысы Антуан Гризманн, өзінің ФИФА нұсқасы бойынша жыл ойыншысына үміткер үздік үштікте болмауы әділетсіз деп ойлайтынын айтты.

Бірнеше күн бұрын, ФИФА ресми сайтында 2017/18 маусымның қорытындысы бойынша жыл ойыншысына сыйлығына таласатын үздік үштікті жариялады. Ол тізімге Лука Модрич, Криштиану Роналду және Мохамед Салах енді.

Француздық ойыншының айтуынша, Еуропа лигасындағы, Еуропа Суперкубогындағы және Әлем чемпионатындағы жеңістері оны үздік-3 үміткер тізіміне енуге көмектесуі тиіс болатын.

Антуан L`Equipe басылымына берген сұхбатында: «Мен үздік үш үміткер қатарында болуға тиіс едім»

«2016-шы жылғы Алтын доп жүлдесіне таласта үшінші орын алдым, ол кезде екі финалда жеңілдім. Ал қазір, үш финалда жеңіске жеттім»

«Бұл қызық және өкінішті. Бұл жүлдені ФИФА табыстайды емес пе, дұрыс па? Біз Әлем чемпионатын жеңдік, ал үздік үштікте бірде-бір француз жоқ. Олардың теңдауы осындай, бірақ бұл таң қалдыратын жайт», — деді.

Сурет: Getty Images сайтынан

Сондай-ақ

ГОЛОВКИН — КАНЕЛО II ЖЕКПЕ-ЖЕГІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӨРСЕТІЛІМІНІҢ НАҚТЫ УАҚЫТЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

15-ші қыркүйек күні Лас-Вегастағы (Невада штаты, АҚШ) «T-Mobile Arena»-да, орта салмақта WBC, WBA (Super) және …