Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / Дзюдо / АЛМАТЫДА ПАРАДЗЮДОДАН ӘЛЕМ КУБОГЫ ӨТУДЕ

АЛМАТЫДА ПАРАДЗЮДОДАН ӘЛЕМ КУБОГЫ ӨТУДЕ

9 қыркүйек Қазақстан бойынша тұңғыш рет Атырау қаласында парадзюдодан әлем кубогының ашылу салтанаты өтті. Оған Атырау облысының әкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаев және бір топ шет елден келген меймандар қатысты.

Әлем кубогының нәтижесі бойынша Токио 2020 Паралимпиадасына лицензиялық ұпайлар таратылатынын ескерсек, бұл доданың маңыздылығы ерекше. Мұнайлы өлкедегі тартысқа әлемнің 20 елінен 200-ге жуық балуан жиналған. Олардың ішінде Паралимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарының жеңімпаздары бар.

Жарыстың алғашқы күні Корея елінің спортшалыр үшін табысты өтті. Олар 3 алтын және 2 қола медальмен көш басында келеді. Украина, Бразилия, Франция және Грузия елдерінде бір-бір алтын жүлдеден бар.

Қазақстан құрамасы әзірге 2 қола жүлде еншіледі. 60 келі салмақта Оразалыұлы Олжас пен 66 келіде Нокушев Азамат үздік үштіктен көрінді.

Сондай-ақ

UFC FIGHT NIGHT 136: МАРК ХАНТ — АЛЕКСЕЙ ОЛЕЙНИК ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ

Бүгін, 15-ші қыркүйек күні, Мәскеуде (Ресей) аралас жекпе-жектен UFC FIGHT NIGHT 136 додасы өтеді. UFC …