Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / ЕЛ ҚҰРАМАСЫНЫҢ СЫРТ АЛАҢДА АНДОРРАҒА ҚАРСЫ ОЙЫНЫ ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ

ЕЛ ҚҰРАМАСЫНЫҢ СЫРТ АЛАҢДА АНДОРРАҒА ҚАРСЫ ОЙЫНЫ ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ

Ұлттар лигасының екінші кезеңі аясында, Қазақстан Ұлттық құрамасы сырт алаңда Андорра құрамасына қарсы ойын өткізеді.

Кездесу бүгін, 10-шы қыркүйектен 11-ші қыркүйекке қараған түні Андорра-ла-Велья қаласының «Эстади Насьональ» стадионында өтеді. Басталуы Астана уақыты бойынша сағат 00:45-те, ойынды «QazSport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Естеріңізге салсақ, Ұлттар лигасының ашылу ойынында әрі бірінші кезеңінде Қазақстан Ұлттық құрамасы Грузия құрамасына қарсы ойын өткізіп, 0:2 есебімен жеңілген болатын. Ал Андорра құрамасы Латвия құрамасымен кездесіп, ойын 0:0 есебімен аяқталды.

Сурет: «Qazsporttv» Instagram парақшасынан

Сондай-ақ

UFC FIGHT NIGHT 136: МАРК ХАНТ — АЛЕКСЕЙ ОЛЕЙНИК ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ

Бүгін, 15-ші қыркүйек күні, Мәскеуде (Ресей) аралас жекпе-жектен UFC FIGHT NIGHT 136 додасы өтеді. UFC …