Басты бет / Footbalem "ФУТБОЛ ӘЛЕМІ" / ҰЛТТАР ЛИГАСЫ: ИСПАНИЯ — ХОРВАТИЯНЫ ТАС ТАЛҚАН ЕТТІ

ҰЛТТАР ЛИГАСЫ: ИСПАНИЯ — ХОРВАТИЯНЫ ТАС ТАЛҚАН ЕТТІ

УЕФА Ұлттар лигасының екінші кезеңі аясында Испания құрамасы өз алаңында 2018-шы жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Хорватия құрамасына жауапсыз алты гол соғып жеңіске жетті.

Эльче қаласындағы «Мануэль Мартинес Валеро» стадионында өткен ойында, бір команданың ірі есеппен ұтылуы мүмкін деген ойлар болған жоқ. Себебі, алаң иелері жаңа бапкермен және жаңа құраммен жолын енді бастап келе жатса, ал қонақтар 2018-шы жылғы Әлем чемпионатының финалында өнер көрсеткен құрама болды.

Кездесу бастала салысымен қос команда да шабуылда белсенділік танытты. Хорваттар өздерінің бірнеше мүмкіндіктерін сәтті пайдалана алмады. Ал Испания құрамасының ойыншысы Сауль 24-ші минутта баспен ойынның бірінші голын соқты. Одан кейін, бірінші тайм аяқталғанша алаң иелері есепті 3:0-ге жеткізді.

Луис Энрикенің шәкірттері екінші таймда тағы үш голмен көзге түзіп, ірі 6:0 есебімен жеңіске жетті.

УЕФА Ұлттар лигасының екінші кезеңінің нәтижесі бойынша, Испания құрамасы алты ұпаймен бірінші орында, ал Англия мен Хорватия құрамалары ұпайсыз екінші және үшінші орындарда.

Испания 6:0 Хорватия

Голдар: Сауль, 24, Асенсио, 33, Л. Калинич, 35 (в свои ворота), Родриго, 49, Рамос, 57, Иско, 70.

Испания: Де Хеа — Карвахаль (Аспиликуэта, 75), Начо, Рамос, Гайя — Сауль (Тиаго, 65), Бускетс (Родри, 59), Себальос — Асенсио, Родриго, Иско.

Хорватия: Л. Калинич — Врсалько (Рог, 20), Митрович, Вида, Пиварич — Ракитич, Брозович (Пьяца, 62) — Ковачич, Модрич, Перишич — Сантини (Ливая, 71).

Сурет: Getty Images сайтынан

Сондай-ақ

АЛМАТЫДА АЛҒАШҚЫ РЕТ БАСКЕТБОЛДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында алғашқы рет баскетболдан ерлер арасындағы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі …