2018-шы жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері Бельгия құрамасы, өзінің УЕФА Ұлттар лигасындағы алғашқы ойынында, сырт алаңда сенімді жеңіске жетті.
УЕФА Ұлттар лигасының екінші кезеңі аясында, бірінші кезеңде Швейцария құрамасынан ірі 6:0 есебімен жеңілген Исландия құрамасы бұл жолы, өз жанкүйерлерінің алдында Бельгия құрамасымен кездесті.
Ойын Рейкьявик қаласындағы «Лейгардальсведлюр» стадионында өтті. Әрине, бұл кездесуде басымдылық Бельгия құрамасы жақта болды, және де олар басымдылықты дәлелдеп, ешқандай қиындықсыз бірінші таймда екі гол соғып, ал екінші таймда бір гол соғып, жеңіске жетті.
Ұлттар лигасыдағы А лигасының 2-ші тобында ойнайтын Бельгия құрамасы үш ұпаймен екінші орында, Швейцария құрамасы үш ұпаймен бірінші орыгда тұр, себебі қос құраманың гол айырмашылықтары бойынша. Ал Ұлттар лигасында қатарынан екі мәрте және жалпы 9:0 есебімен жеңілген Исландия құрамасы нөл ұпаймен соңғы орында.
Исландия 0:3 Бельгия
Голдар: Азар, 29 (пен.), Лукаку, 31, 81.
Исландия: Халльдоурссон — Севарссон, Р. Сигурдссон, Ингасон, Магнуссон — Сигурьонссон, Бьярнасон, Халльфредссон (Траустасон, 83), Скуласон (Пальссон, 80) — Г. Сигурдссон — Бодварссон (Сигторссон, 71).
Бельгия: Куртуа — Алдервейрелд, Компани, Вертонген — Менье, Тилеманс (Дембеле, 80), Витсель, Карраско (Шадли, 71) — Мертенс, Э. Азар (Т. Азар, 88) — Лукаку.
Сурет: Бельгия құрамасының твиттер парақшасынан
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт