Орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша Әлем чемпионы отандасымыз Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО), мексикалық Сауль «Канело» Альвареске (49-1-2, 34 КО) қарсы үшінші жекпе-жектің өтуін жоққа шығармады.
«Мен боксшымен және де қазіргі уақыттағы бар ойым екінші жекпе-жекте. Мен промоутер емеспін. Бірақ мен, егерде екеуімізде жақсы жағдайда болсақ, онда неге болмас қа? Бәрі де мүмкін», — деді Головкин баспасөз мәслихатында.
Головкин мен Канело арасындағы бірінші жекпе-жек былтыр қыркүйек айында «T-Mobile Arena»-да өтіп, 12 раундтың қорытындысы бойынша даулы тең нәтиже тіркелген болатын. Екінші жекпе-жекте дәл сол жерде, 15-ші қыркүйек күні (Қазақстанда 16-шы қыркүйек күні таңертең) Лас-Вегастағы «T-Mobile Arena»-да өтеді. Бокс кеші Астана уақыты бойынша сағат 06:00-де басталады, ал «QazSport» және «Qazaqstan» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт