20-27 қыркүйек күндері аралығында Бакуде өткен дзюдодан әлем біріншілігінен кейін Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) дзюдошылардың жаңартылған рейтингісін жариялады.
Әлем біріншілігінде 66 келіде күміс жүлдегер атанған Ерлан Серікжанов бірден 20 саты жоғары көтеріліп, 36-шы орыннан 16-шы орынға шықты. Ал әлем біріншілігінде 48 келіде қола жүлдегер атанған Отгонцэцэг Галбадрах 7-ші орыннан 5-ші орынға көтерілді.
Айта кететіні, Айта кетерлігі, халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сәйкес, әлем чемпионы атанған дзюдошыға әлем рейтингінде 2000 ұпай, күміс жүлдегерге — 1400, ал қола жүлдегерге 1000 ұпай қосылады.
Ерлер:⠀
⠀
60 келі
⠀
Ғұсман Қырғызбаев – 6 (3561)⠀
⠀
Елдос Сметов – 15 (2145)⠀
⠀
Рустам Ибраев – 47 (728)⠀
⠀
66 келі
⠀
Елдос Жұмақанов – 9 (2987)⠀
⠀
Ерлан Серікжанов – 16 (2464)⠀
⠀
73 келі
⠀
Жансай Смағұлов – 9 (3034)⠀
⠀
81 келі
⠀
Дидар Хамза – 33 (1414)⠀
⠀
90 келі
⠀
Ислам Бозбаев – 13 (2614)⠀
⠀
-100 келі
⠀
Виктор Демьяненко – 33 (1157)⠀
⠀
+100 келі
⠀
Әйелдер:⠀
⠀
48 келі
⠀
Отгонцэцэг Галбадрах – 5 (4435)⠀
⠀
63 келі
⠀
Севара Нишанбаева – 20 (1746)⠀
⠀
70 келі
⠀
Зере Бектасқызы – 41 (766)⠀
⠀
-78 келі
⠀
Зарина Райфова – 26 (1278)⠀
⠀
+78 келі
⠀
Гүлжан Исанова – 24 (1479)⠀
⠀
Камила Берліқаш – 49 (524)