Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / Күрес / КАҺАРМАН ҚИСМЕТОВ ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

КАҺАРМАН ҚИСМЕТОВ ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

 

Францияның Маконе қаласында күрес түрлері бойынша жастар арасындағы әлем чемпионаты өтуде. Жарыстың екінші күні жерлесіміз Қаһарман Қисметов күміс жүлдегер атанды.

Грек-рим күресі бойынша 66 келі салмақтың іріктеу сайысында Қаһарман Болгария балуанын 2:1 есебімен ұтты. Өте тартысты өткен бәсекеде Түрік балуанын 4:3 есебімен жеңді. Ал Әзірбайжандық қарсыласын 7:1 есебімен қапы қалдырды.

Финалда Грузин балуанына 1:5 есебімен жол берді.

Бүгін жарыс жолына шыққан өзге үш балуанымыз жүлдесіз қалды. 55 келі салмақта Ернұр Фидахметов Әзірбайжан және Өзбек балуандарын ұтқанымен, келесі кезеңде Иран балуанына есе жіберді. 84 келі салмақта Бақтияр Жілісбаев алғашқы кездесуінде Алжир спортшысына 3:5 есебімен есе жіберді. 120 келі салмақта Данияр Марвен Франция және Үндістандық қарсыластарын жеңіп, 1/4 финалда Ресей  балуанына жол берді.

Естеріңізге сала кетейік, Қаһарман Қисметов Манила елінде өткен жастар арасындағы Азия чемпионатының чемпеионы атанған болатын.

Сондай-ақ

ЖАЗДА НЕЙМАРҒА ҮШ ЕУРОПАЛЫҚ КЛУБ ТАЛАСПАҚ

Football Espana басылымының мәліметінше, келесі жазғы ауысым терезесінде «ПСЖ» клубының шабуылшысы Неймар үшін үш үздік …