Татарстан Республикасының Чистопол қаласында қол күресінен «Анас» мешітінің жүлдесіне арналған бүкілресейлік турнир өтті. Бұл додаға арнайы Қазақстандық қос қол күресі (армспорт) шеберлері шақыртылған болатын.
Жастар арасында 60 келі салмақта Басаров Ораз төрт дүркін чемпион атанды. Ол сол қол және оң қол сайысы бойынша жарыстың екі күнінде де қарсылас шақ келтірмей абсолютті чемпион атағын иеленді.
Шеберлер сайысында Дмитрий Трубин де қарсылас шақ келтірмеді. Ол жарыстың екі күнінде де жеңіске жетіп, өзінің әлемдегі ең мықты спорты екенін дәлелдеп отыр.
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт