Басты бет / Бокс / Әйелдер боксы / МАДИНА НҰРШАЕВА ҚАЗАҚ БОКСЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ

МАДИНА НҰРШАЕВА ҚАЗАҚ БОКСЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ

 

— Ата-анам жалғыз қызының ауыр спорт түрімен айналысқанын қаламады. Мен биге қатысамын деп үй Iшiн алдап, жасырынып боксқа баратынмын. Бiр айдан соң жаттықтырушым менi жарысқа апарды. Мен анама боксқа қатысамын деп сол кезде айтқам. Әрине, олар бiрден қарсы болды. Кейiн осы жарыста жақсы нәтиже көрсетуiме байланысты менiң болашақтағы спортта қалу немесе қалмауым шешiлетiн болды.

Мiне, бокстан ел үмітi, осы жылғы Қазақстан чемпионы Мадина Нұршаева үлкен спортқа осылай келдi.

Бүгінде Мадина Атырау қаласында өткен Ұлы Отан соғысындағы Кеңес Одағының батырлары Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова және халық қаһарманы Хиуаз Доспанованы еске алуға арналған бокстан әйелдер арасындағы Халықаралық турнирдiң чемпионы атанды. Былтыр Мадина дәл осы турнирде қола жүлдегер атанған болатын.

2015 жылы dodasport.kz сайтына берген сұқпатында:

«Атырау қаласында 2012 жылы жастар арасындағы ел бiрiншiлiгiнде чемпион атандым. Бұл жолы да сол мақсатпен келгем. Әрине, алтын жүлде бұйырмаса да қола да шүкіршілік етемiн.Әр жеңілiс сайын өзiмдi шыңдай түсемiн. Кемшiлiктерiмдi бiлiп, ары қарай мақсатты түрде жаттығамын. Алдағы жоспарым олимпиада ойындарында көк туымызды биiктеткiм келедi. Қай спортшы болмасын ел абыройын асқақтатып жатса мен де оған тiлекшi, демеуші боламын. Бәріміздің негiзi мақсатымыз бiр- Қазақстанның абырой арттыру, бүкіл әлемге таныту. Келесі жылы бұйырса осы турнирге келіп, чемпион атанамын», — деді Мадина.

Мадина Нұршаева өз сөзінде тұрды. Атырау қаласында өтетін дәстүрге айналған Ұлы Отан соғысындағы Кеңес Одағының батырлары Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова және халық қаһарманы Хиуаз Доспанованы еске алуға арналған бокстан әйелдер арасындағы Халықаралық турнирдiң чемпионы атанды.

Сондай-ақ

ДЗЮДОШЫЛАР ПРАГАДАН ҚОС ЖҮЛДЕ ЕНШІЛЕДІ

Прагада ерлер арасында дзюдодан Еуропа кубогы өтіп жатыр. Қазақстандық Жақсылық Жеңісбек (60 кг) финалда франциялық …