Басты бет / Қысқы спорт / АБЗАЛ ӘЖІҒАЛИЕВ ӘЛЕМ КУБОГЫНДА ТӨРТІНШІ

АБЗАЛ ӘЖІҒАЛИЕВ ӘЛЕМ КУБОГЫНДА ТӨРТІНШІ

 

Канаданың Калгари қаласында шорт-трек спортынан әлем кубогының алғашқы кезеңі мәресіне жетті.

500 метр қашықтыққа жүгіруде спортшыларымыз алдына жан салмады. Жарыстың алғашқы күні Абзал Әжіғалиев күтпеген жерден финалға жолдама алды. Финалда атағы бүкіл елге әйгілі шорт-трекшілермен, Олимпиада ойындарының чемпиондарымен бір қатарда сынға түсті. Виктор Ан секілді жүйріктермен бір додада тең дәрежеде өнер көрсету қазақ балаларына да бұйырған екен.

52 спортшы қатысқан 500 метр қашықтықта Абзал төртінші келді. Одан бөлек осы жарыста Бекжанов Айдар да жақсы нәтиже көрсетіп, оныншы орынға тұрақтады.

 

Жарыстың екінші күні Қазақстан құрамасын сәтсіздік қана медальдан айырды десек болады. Жартылай финалда Абзал Әжіғалиев екінші орында келе жатырған кезде болмайтын жерден сүрініп қалды. Егер де осы қателік болмағанда финалға екі қазақ спортшысы шығып, кем дегенде бір медаль қоржында болар еді. Абзал сегізінші орынды қанағат тұтты. Финалда Денистің те жолы болмады. Ол да болмайтын жерден сүрініп, қолда тұрған медальінан айырылды.

Сондай-ақ

АТЫРАУДА ТАЕКВОНДОДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

Атырау қаласында таеквондодан 2004-2006 жылы туған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты жалауын көтерді. Ел біріншілігіне …