Басты бет / Қысқы спорт / ДЕНИС ТЕН ҚЫСҚА БАҒДАРЛАМАДАН КЕЙІН ҮШІНШІ

ДЕНИС ТЕН ҚЫСҚА БАҒДАРЛАМАДАН КЕЙІН ҮШІНШІ

 

Франция астанасы Париж қаласында мәнерлеп сырғанаудан гран-при кезеңдері өтуде.

11-13 қараша аралығында жоспарланған сайыста отандасымыз Денис Тен қатысуда. Ұзақ уақыт демалыстан соң мұз айдынына қайта шыққан мәнерлеп сырғанаушымыз маусымдағы алғашқы сайысын сәтті бастады.

Қысқа бағдарламадан соң 89,21 ұпаймен үшінші орын алды. Екі дүркін әлем чемпионы, Испаниялық  Фернандес 96,57 ұпаймен көш бастап тұр. АҚШ елінен шыққан жас спортшы Натан Чен 92,85 ұпаймен екінші орында келеді.

Еркін бағдарлама ертең өтеді.

 

Сондай-ақ

ИБРАГИМ ЕСКЕНДІР РЕСЕЙЛІК БОКСШЫНЫ ТІЗЕ БҮКТІРДІ

Танымал қазақстандық әнші Ибрагим Ескендір кәсіпқой рингтегі кезекті жеңісіне қол жеткізді. Ресей астанасы Мәскеуде өткен …