
Алматыда «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының аясында жоғарғы оқу орындарының студенттері жеңіл атлетикадан өзара үздіктерді анықтады.
Додаға алып шаһардың университеттерінің 60-қа жуық қыздары мен ұлдары қатысты. Олар 100, 200, 400, 800 шақырым жерді, 4-ке 100 эстафетасын жүгіріп өтті.
Жарыстың нәтижелері бойынша Шекара Қызметінің студенттері мен ҚазМемҚызПУ қыздары ең шапшаң болып шықты.
— Біріншіден, Алматы қаласының әкімдігі мен ұйымдастырушыларға осындай мереке үшін алғысымызды білдіреміз. Барлығы жоғарғы деңгейде өтті. Спорттық шараның қатысушысы атанғаныма қуаныштымын. Бүгін 800 метрді 1 минут 51 секундта жүгіріп өтіп, жеңімпаз атандым. Бірақ, бұл менің алғашқы рекордым емес. Жарысқа қатысуым да бірінші мәрте емес, әрқашан алдын ала дайындаламын — деп атап өтті жарыс жеңімпазы, ҰҚК академиясының студенті Диас Алпысбаев.

Жеңіл атлеттер сайысы «Арена спорт» спорт кешенінде жеңілдетілген төрешілер ережелері бойынша өтті. Жарыс мегаполисте спорттың маңызын арттыру, ЖОО студенттері арасында үздік ұжымды таңдау, жастар бірлігін нығайту, қатысушылардың спорттық шеберліктерін арттыру, үздіктерді іріктеу, сондай-ақ, осы спорт түрін ел арасында таныту мақсатында ұйымдастырылды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Алматы қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының атынан дипломдар мен медальдермен марапатталды, сондай-ақ, оларға кішігірім сыйлықтар берілді.
Айта кетсек, «Спорттық Алматы» жобасы спорттың дамуына, белсенді спорттық тынығуды насихаттауға бағытталған. Осы бағдарлама аясында ЖОО студенттері арасында баскетболдан, бадминтоннан, шахматтан, шашкадан және тоғызқұмалақтан жарыстар өткізілген.
Назарларыңызға жарыс нәтижелерін ұсынамыз:
100 метрді жүгіру (Ұлдар):
1 орын: Ермек А. (12.06) – ҰҚК Академиясы
2 орын: Абдулманап Н. (12.12) — ҰҚК Академиясы
3 орын: Айдос (12.13) — ҰҚК Академиясы
100 метрді жүгіру (Қыздар):
1 орын: Асель Досабай (15.09) — ҚазМемҚызПУ
2 орын: Алия Орынбасар (16.01) — ҚазМемҚызПУ
3 орын: Гульвира Аскар (16.07) — ҚазМемҚызПУ
200 метрді жүгіру (Ұлдар):
1 орын: Адилхан Куатов (24.0) — ҰҚК Академиясы
2 орын: Акжол Мухамеданов (24.07) — ҰҚК Академиясы
3 орын: Олжас Куанышев (24.09) — ҰҚК Академиясы
200 метрді жүгіру (Қыздар):
1 орын: Асель Досабай (30.26) — ҚазМемҚызПУ
2 орын: Гульвира Аскар (30.34) — ҚазМемҚызПУ
3 орын: Алия Орынбасар (30.36) — ҚазМемҚызПУ
400 метрді жүгіру (Ұлдар):
1 орын: Мейрханов А. (49.01) — ҰҚК Академиясы
2 орын: Кумкенов Т. (50.03) — ҰҚК Академиясы
3 орын: Абдулханов Н. (51.02) — ҰҚК Академиясы
800 метрді жүгіру (Ұлдар):
1 орын: Алпысбаев Д. (1.51.00) — ҰҚК Академиясы
2 орын: Усен С. (1.51.01) — ҰҚК Академиясы
3 орын: Мухамеданов А. (1.51.04) – ҰҚК Академиясы
Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі





DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт