Осы күнгі архивтер: 04.03.2018

ДМИТРИЙ РЕЙХЕРД ТАҒЫ БІР ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Қазақстандық фристайлшы Дмитрий Рейхерд Жапонияның Тадзавако қаласындағы әлем кубогының кезеңінде тағы бір қола медаль иеленді. Параллельді могулдың кіші финалында отандасымыз франциялық Бенжамин Чаведан басым түсті (29:6). Ал жеңіс қайта жапониялық Икума Хорисимиге бұйырды. Ол финалда канадалық Майкл Кингсберриден айласын асырды — 21:14. Павел Колмаков болса бірінші айналымда жапониялық Шо Эндодан …

толық оқу»

99 ЖАСТАҒЫ ЖҮЗГІШ ӘЛЕМ РЕКОРДЫН ЖАҢАРТТЫ

99 жастағы аустралиялық жүзгіш 50 метрлік фристайлда әлем рекордын орнатты, — деп хабарлайды BBC ақпарат агенттігі. Куинсланда (Queensland) арнайы ұйымдастырылған жарысты Джордж Коронес (George Corones) 100-104 жас категориясында 56,12 секундта аяқтады. Ол 2014 жылғы рекордтан 35 секундқа озды. Сәуірде 100-ге толатындықтан, ол осы категорияда жарысып рекорд орнатқанына «өте қуанышты» екенін …

толық оқу»

СУПЕРКУБОК 2018 — «АСТАНА» «ҚАЙРАТТЫ» ОЙСЫРАТА ЖЕҢДІ

Сарыарқа төсінде «Астана» «Қайратты» ойсырата жеңіп, 2018 жылғы суперкубокты жеңіп алды. Матч басында екі команданың да бас бапкерлері көпшілікті таң қалдырды. «Астана» сапында тасқамал қорғаушысы Юрий Логвиненко жоқ, яғни негізгі құрамда алаңға шығарылмады. Ал «Қайрат» Бауыржан Исламханды қосалқы құрам орындығына отырғызып қойды. Елдос Ахметов те алаң жиегінде, ал Чума Анене …

толық оқу»

ДЗЮДОШЫЛАР ПРАГАДАН ҚОС ЖҮЛДЕ ЕНШІЛЕДІ

Прагада ерлер арасында дзюдодан Еуропа кубогы өтіп жатыр. Қазақстандық Жақсылық Жеңісбек (60 кг) финалда франциялық Финсент Лимарға есе жіберіп, жарыстың күміс жүлдегері атанды. Ал 66 келіде белдескен балуанымыз Қайрат Ағыбаев жұбаныш финалында украиналық Геворг Хачатрянды иппонмен жеңіп, Қазақстан қоржынына қола жүлдені салды. Жарыстың бірінші күнінде Қазақстан сапынан Қылыш Еренғайыпов (60 …

толық оқу»

МАДИЯР ӘШКЕЕВ КӘСІПҚОЙ БОКСТАҒЫ КЕЗЕКТІ ЖЕҢІСІНЕ ЖЕТТІ

Мадияр Ашкеев қарсыласын 1 минутта нокаутпен жеңді  Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеев Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткен жекпе-жегінде қарсыласын 1 минут 52 секундта техникалық нокаутпен жеңді. Отандасымыз америкалық боксшы Хосе Антонио Абреумен жұдырықтасқан болатын. Жекпе-жек бар болғаны 1 минут 52 секундқа ғана созылды. Отандасымыздың Хосе …

толық оқу»

МЕЙІРІМ НҰРСҰЛТАНОВ МЕКСИКАЛЫҚТЫ НОКАУТҚА ТҮСІРДІ

Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (5-0, 4 КО) кәсіпқой спорттағы алтыншы жеңісіне қол жеткізді. Ол Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында (АҚШ) айқаста мексикалық Алехандро Торресаны (9-3-2, 4 КО) жеңді. Алты раундқа есептелген орта салмақтағы жекпе-жек соңғы кезеңде 1:55 уақыт белгісімен аяқталды. Мейірім Нұрсұлтанов қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Еске сала кетейік, өткен …

толық оқу»

АЛЕКСЕЙ ПОЛТОРАНИН ӘЛЕМ КУБОГЫ КЕЗЕҢІНДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Бүгін Финляндияның Лахти қаласында шаңғы спортынан ерлер арасында 15 км-лік классикалық жарыс өтті. Отандасымыз Алексей Полторанин өзінің сүйікті қашықтығында үздік шықты. Полторанин 15 км-ді 33:11 уақытымен аяқтады. Екінші орынды мәреге 9 секунд кешігіп жеткен Александр Большунов еншіледі. Финляндиялық Иво Нисканен болса үздік үштікті түйіндеді. Айта кетейік, соңғы рет Полторанин қаңтар …

толық оқу»