Құрлықтық хоккей лигасының үшінші кезеңі аясында «Барыс» сырт алаңда «Торпедо» клубына қарсы кездесу өткізді.
Нижний Новгород қаласында өткен кездесудің негізгі үш таймында қос команда да бес-бес шайбыдан соғып, ойынды қосымша таймға дейін жалғастырды. Ал қосымша таймда «Торпедо» клубы есепті 6:5-ке жеткізіп, жеңіске жетті.
Келесі ойынын «Барыс» хоккей клубы 12-ші қыркүйек күні Астана қаласында Нижнекамсктың «Нефтехимик» хоккей клубына қарсы өткізеді.
Сурет: «Торпедо» клубының ресми сайтынан
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт