«Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы FIFA-2018 футболдан Әлем чемпионатының көрсетілімінен кейін футбол жанкүйерлерін тағы да қуантпақ.
Бұл жолы корпорация УЕФА Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының ойындарын Қазақстан Республикасының аумағында 3 жыл бойы көрсету құқығына ие болғанын хабарлайды.
«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары футбол әлеміндегі 2018/2019 маусымындағы ең таңдаулы клубтардың тартысты матчтарын 2018 жылдың 15 тамызынан бастап 2019 жылдың 1 маусымына дейін тікелей эфирде көрсететін болады. «Qazsport» телеарнасы 15 тамызда алғашқы УЕФА Суперкубогі кездесуі — «Реал» мен Еуропа Лигасының жеңімпазы «Атлетико» арасындағы ойынды көрсеткен болатын.
Еске сала кетейік, «Қазақстан» телерадиокорпорациясы еурокубоктік бәсекелерді 2009 жылдан бастап көрсетіп келеді. Алғашқы жылдары бір жылға ғана трансляция құқығын иеленсе, енді үшжылдық келісімшартқа қол қойылды
Дереккөз: Kazsport.kaztrk.kz
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт