Азия ойындарында Қазақстан қоржынына кезекті қола жүлде түсті.
200 метрге каноэмен жарысудан Мерей Медетов пен Тимур Хайдаров жұбы мәреге үшінші болып келді.
Қазақстандықтар Қытай мен Өзбекстан спортшыларына жол берді. Медетов пен Хайдаровтың уақыт көрсеткіші – 37.371.
«Жарыс жоғары деңгейде өтті. Қолдан келгенше аянып қалған жоқпыз. Ең бастысы — өз нәтижемізге көңіліміз толады. Қарсыластардың бір бас жоғары болғанын мойындаймыз. Қолдау көрсеткен жанкүйерлерге көп рахмет!», — дейді Тимур Хайдаров.
Еске сала кетейік, бүгін жарыс жолына шыққан Инна Клинова алтын, Сергей Токарницкий күміс жүлдегер атанған болатын.
Дереккөз: Olympic.kz
DodaSport | Әлем және Қазақ спорты Спорт