Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / АСТАНАДА АРАЛАС ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕН «ЕСІЛДЕГІ АЙҚАС» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІРІ ДОДА ӨТТІ

АСТАНАДА АРАЛАС ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕН «ЕСІЛДЕГІ АЙҚАС» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІРІ ДОДА ӨТТІ

Астана қаласының «Алау Арена» спорт кешенінде, TOBET FC және ALASH PRIDE FC қолдауымен FIGHT NIGHTS GLOBAL ұйымдастырылумен, аралас жекпе-жектен FIGHT NIGHTS GLOBAL 88 немесе «Есілдегі айқас» атты дода өтті.

Кештің басты жекпе-жегінде, Жалғас Жұмағұлов аса жеңіл салмақтың (56.7 келі) чемпионы ресейлік Тагир Уланбековке қарсы шығып, 5 раундтың қорытындысы бойынша, төрешілердің шешімімен — 49:46, 49:46, 48:48 есептерімен Жалғас жеңіске жетті.

Бұл жеңісі арқылы Жалғас Жұмағұлов — FIGHT NIGHTS GLOBAL тұжырымының аса жеңіл салмақтағы чемпионы атанды.

FIGHT NIGHTS GLOBAL 88 додасында өткен жекпе-жектердің нәтижелері:

56.7 келі. Титулдық жекпе-жек. 5×5
Жалғас Жұмағұлов (Қазақстан) vs Тагир Уланбеков (Ресей). Жалғас Жұмағұловтың жеңісі (төрешілердің шешімімен)
56.7 келі. 3х5.
Сауд Карагишов (Ресей) vs Асу Алмабаев (Қазақстан). Асу Алмабаевтың жеңісі (ТКО, 4:09 2р.)
61.2 келі.
Фариджулла Курбанов (Ресей) vs Сәбит Жүсүпов (Қазақстан). Сәбит Жүсүповтың жеңісі (төрешілердің шешімімен)
61.2 келі.
Мухаммед Эминов (Ресей) vs Жұман Жұмабеков (Қазақстан). Мухаммед Эминовтың жеңісі (дәрігердің рұқсат бермеуінен, 2:12 1р.)
65.8 келі.
Раджабали Файзидин (Тәжікстан) vs Жасұлан Әкімжан (Қазақстан). Жасұлан Әкімжанның жеңісі (ТКО, 3:15 1р.)
56.7 келі.
Бобурмирзо Юсупбоев (Өзбекстан) vs Мұхаммед Мейрамов (Қазақстан). Мұхаммед Мейрамовтың жеңісі (ТКО, 2:36 1р.)
65.8 келі.
Алена Горчинская (Ресей) vs Зәмзәгүл Файзолланова (Қазақстан). Зәмзәгүл Файзолланованың жеңісі (ТКО, 2:33 1р.)
70.3 келі.
Ильсур Хамзин (Ресей) vs Николай Самусеев (Қазақстан). Николай Самусеевтың жеңісі (ТКО, 4:51 1р.)
65.8 келі.
Владимир Ишменев (Ресей) vs Фархад Сарсенбеков (Қазақстан). Владимир Ишменевтің жеңісі (төрешілердің шешімімен)
61.2 келі.
Авлие Хамидов (Өзбекстан) vs Данияр Қойшыбек (Қазақстан). Данияр Қойшыбектің жеңісі (қылқындыру әдісімен, 2:29 1р.)

Сондай-ақ

ҰЛТТАР ЛИГАСЫ: ГЕРМАНИЯ — ФРАНЦИЯ ОЙЫНЫ ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ

Ұлттар лигасының бірінші кезеңі аясында Германия құрамасы Франция құрамасына қарсы ойын өткізеді. Бүгін, 6-шы қыркүйектен …